
1991 жыл – еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Сол сәттен бері міне 30 жыл да өте шықты.Қазіргі кезде Қазақстанымыз әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді.Экономикалық байланысымыз даму үстінде. Қазақ жерінің байлығы, мол табиғи қорлары еліміздің әлеуметтік дамуының негізі болуда. Осының бәрі – тұғырлы тәуелсіздік тұсында қол жеткізген жеңістер мен табыстар деп білемін… Қазіргі таңда жас мемлекетіміз көптеген елдерден әлдеқайда алда тұр. Ол ауызбіршілікте, ынтымақта, туыстық қарым-қатынаста, жақсы ниетпен, өмір сүрдің айғағы. Мәңгілік Тәуелсіздік елімізге оңайлықпен тиген жоқ, оны да естен шығармағанымыз жөн. Осындай еркін теңдесі жоқ, бостандықты алып берген ағаларымыз бен апаларымызға мың да бір алғыс!
Өз басым, бұл Егемендіктің қандай жолмен келгенін жақсы білемін. Қазақстан үшін қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Халқымыз бостандықты аңсап, Тәуелсіздікке зарығып жеткен болатын. Тәуелсіздік жолында еліміз аз қиыншылық көрген жоқ. Тәуелсіздік ата-бабаларымыздың ежелден келе жатқан арманы. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл күнге жеткен ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт-азаттық көтерілістердің тарихымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталғаны да рас. Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға хан-сұлтандар, батырлар, қарапайым халықтың өзі де жандарын пида еткені ғажап емес. Тәуелсіздік деген ұлы жеңіске қол жеткізуде әлі де жаңғырып тұрған кешегі желтоқсанның да септігі аз болған жоқ – студент жастардың көшеге шығып, үндеуі және егемендік үшін зардап шегуге дайын екендігін көрсете білуі, барша халыққа сенім мен жігер берген болатын.Олар – тарих, олар дастан, олар мәңгі жыр-дастан.
Қазіргі таңда Тәуелсіздік – баршамыз үшін ең асыл қасиетті күн. Бұл мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең басты әрі құнды мереке болмақ. Тәуелсіз еліміз ширек ғасырға жуық уақыт ішінде қаржы дағдарыстарының қиындықтарына қарсы тұра білді, тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындырды, талай жетістіктерге қол жеткізді, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді.Мемлекет басшысының елді дамытудағы стратегиялық бағдарламалары мерзімінен бұрын жүзеге асып келеді. Осы кезеңде жеткен жетістіктеріміз қандай? Бұл сұрақтарға жауап беріп, өткен жылдарға қорытынды жасап, МӘҢГІЛІК ЕЛ болуға бекінген мемлекетіміздің бүгіні мен келешегі туралы ой толғайтын кезең.
Қазақ елінің төрінде елтаңбасы ілініп, көгінде көк туымыз желбіреп, кең далада гимн шырқалып ойнағанда, менің халқымнан асқан бақытты ел бар ма? десеңші?! Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы Елбасымыздың жүргізіп отырған парасаты мен көреген саясатының жемісі деп білемін. Олай болса, Еліміздің келешегі, Қазақстанның болашағы өз қолымызды.Жаңғыру кезеңде қазақ елі мәңгі жарқырай берсін!
Сарқытбек Рахымбеков,
Көкөзек ауылдық мәдениет үйінің директоры.
#Qazaqstan30