
Тәуелсіздік – ата — бабамыздың аңсаған арманы. Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Ағымдағы жылда Тәуелсіз ел болғанымызға 30 жыл толмақ. Тәуелсіздіктің жолында талай қазақ жастарымыз құрбан болды. Еркіндікке жету үшін, қаншама қиын кезеңдерді бастан кешірді. 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады. 16-желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. Қаншама қазақ жастары қыршыннан қиылды. Олар әділдік үшін күресті. Желтоқсан құрбандары Қ.Рысқұлбеков, С.Мұхамеджанова, Л.Асанова, Е.Спатаев ерен ерліктерімен көзге төсті. Олардың жасаған ерлігі мен қайрат — жігері мәңгілік біздің есімізде қалады. Желтоқсан оқиғасы – ұмытылған емес, ұмытылмайдыда. Өз тәуелсіздігін алған біздің мемлекетіміз тарих үшін аз ғана уақытта Ата Заңымыздың аясында, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында күн нұрына бөленіп, жауқазындай құлпырып, саяси, әлеуметтік, экономикалық салаларда биік белестерге көтерілді, әлем таныған елге айналды
Тәуелсіздік жылдары біз еріктілер қозғалысынан ең ірі жастар ұйымына дейінгі жолдан өттік. Біз Елбасымыздың Мемлекеттік бағытын жақтаушы жастар коалициясының негізіне айналдық. Еліміздің тұңғыш президенті идеяларының іске асыруда жас қауымға жол бастаушы біз боламыз.
Біздің миссиямыз – барлық жастарға табысқа жету жолын ашу және Қазақстанның өткенін бағалайтын, бүгінгі күні батыл қимылдап, келешекке сеніммен қарайтын табысты азаматтардың жаңа буынын қалыптастыру.
Біз жастар Елбасының тапсырмасына сәйкес жастар саясатын жүзеге асыруға. Ауданға қарасты 17 жергілікті округ жастары байланысмызды нығайтып, Отанымыз, Еліміз, Жеріміз үшін еңбек етуге дайынбыз.
Әсел САДЫҚОВА,
аудандық жастар ресурстық оталығының жетекшісі.