Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған,- деп жырлап өткен кешегі ақын ағаларымыздың ақ арманы орындалғанына 30 жыл толды. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерекесі еліміздекеңінен аталып өтіп, мерейін арттыруда.
Осыған орай, Молалы ауылындағы Мұхтар Әуезов атындағы негізгі орта мектебінде әр сыныпта «30 жылдық Тарих», «Тәуелсіздік таңы атқан күн» деген сияқты тақырыптарда тәрбие сағаттары өткізіліп, оқушылар 30 жылдық тарих беттерін ақтарды. 15 желтоқсан күні 9 — сынып жетекшісі Барысова Раушанның ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік арайлап атқан ақ таңым» тақырыбында мектепшілік тәрбие сағаты өткізілді. Мемлекеттік Гимн орындалып, 1986 жылдағы 16 желтоқсан оқиғасын еске алып, 1 минуттық үнсіздік жарияланды.
Мектеп оқушылары «Біз Тәуелсіздікке қалай жеттік?» деген тақырыпта слайдтар көрсетіп, желтоқсан оқиғасынан көрнекі түрде хабардар етті. Бастауыш сынып жетекшісі Т.Г.Нұрғалиева Тәуелсіздікке арналған сурет байқауының жеңімпаздарына Мақтау қағаздарын табыстады. Оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, нағыз патриоттық өнер танытты. Какен Талшынның орындауында «Тәуелсіз елдің қызымын», «Ұстаз Ана», Нұрлан Аминаның орындауында Абай өлеңдері, Ескендір Жансая, Ибраим Дананың орындауында «Тәуелсіз елдің Ұраны», Нұрғали Жазира мен Ахметжан Еркеназдың орындауында «Еркем-ай» әні, 9 — сынып оқушылары Ибраим Нұрлан мен Нұрғали Жазира көрерменнің назарын «Атамекен» әнімен баурап алды. Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Г.Ж.Тойшыбекова кешегі желкілдеп өсіп келе жатқан қазақтың батыр қызы Ләззаттың ерлігін айта отырып, «Ерке Сылқым» күйін тартты. Мерекелік кештің соңында мектеп директоры Н.А.Бакеева сөз алып, мерекемен құттықтады.
Оқушыларға Желтоқсан оқиғасындағы құрбандардың алдындағы борышымызды жақсы тәрбиеміз, үлгілі өнегемізбен, үздік білімімізбен ақтау керек екендігін айтты.
Гүлзат ТОЙШЫБЕКОВА,
М.Әуезов атындағы негізгі орта мектебі директордың тәрбие
ісі жөніндегі орынбасары.