ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «ТІЛ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӨРМЕ-БАЙҚАУЫ

Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Қазақстан Республикасы суретшілер одағы Алматы облыстық филиалымен бірлесе Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тіл және Тәуелсіздік» атты республикалық көрме-байқауын ұйымдастырады.
Үміткердің өтініші мен туындылары 2021 жылғы 10 тамыз — 8 қыркүйек аралығында қабылданады.
Туынды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Тіл және Тәуелсіздік» тақырыбына арналуы тиіс (графика, майлы бояу, су бояуы (акварель), гуашь, акрил).
Байқауға барлық кәсіби суретшілер қатыса алады. Әр қатысушы бірнеше туынды ұсына алады.
Байқаудың негiзгi мақсаты мен міндеттері:
Суретшілер көзімен бейнелеу өнері арқылы төл мәдениетіміз бен ұлттық руханиятымыздың маңызын өскелең ұрпақтың бойына сіңіру, тілге, елге, жерге деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыру.
Отанға деген құрмет – ана тілден бастау алатынын жеткізу.
Мемлекеттік тіл мәртебесіне ие қазақ тілінің өткенін, бүгінін, келешегін суреттеу.
Тіл мен Тәуелсіздік егіз ұғым екенін көркем туындыға арқау ету.
Байқау жеңімпаздары Қазақстан халқы тілдері күні қарсаңында дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.
Толық ақпаратты төмендегі телефондар арқылы біле аласыздар:
8(7282) 400161, 400162, 87012222153.

#Qazaqstan30

Мәліметпен бөлісу: