ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ ТҰҒЫРЫ БИІК БОЛҒАЙ!

Құрметті ақсулықтар!

Сіздерді ұлық мереке – Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Мемлекетіміз бен ауданымыздың қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай!

Мемлекетіміздің береке — бірлігін, бостандығы әрі әлемдік туыстығын білдіретін, туған жердің мақтанышы болып келетін бұл ме­реке әрі патриоттық деп есептеледі. Бірлескен ұйымшылдық болып, бірге жаңа мақсаттарға жетуіміз, халқымыздың ырысы және гүлденіп өсуі, сыйласуы мен түсінісуі, әрқашанда рухтарымыздың биік болып, салт — дәстүрімізді әрқашан бағалап жүрсек, алда көптеген жаңа табыстарға жетеміз.

Ата — бабаларымыздың аңсап көптен күткен Тәуелсіздік күніміз кұтты болсын ағайын. Барша ақсулықтарды тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Ауданымыздың әрбір отбасына мол бақыт, амандық тілеймін. Еліміз гүлденіп, көркейе берсін қадірлі ағайын! Төл мерекелеріңіз құтты бол­сын! Бұл мереке күні Сіздерге тілейтінім зор денсаулық, мақсат — жолдарынызда сәттілік, туған — жақындарыңыздың жылу сезімі әрқашан барлықтарыңызға қуаныштар сыйлай берсін!

Есім БАЗАРХАНОВ,

аудан әкімі, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының төрағасы.

Мәліметпен бөлісу: