ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗ ТҰҒЫРЛЫ БОЛСЫН!

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен келген, еліміздің тәуелсіздігіне отыз жыл толып отыр. 1991 жылы келген еліміздің тәуелсіздігі жақсылыққа ба­стар жол болды.

Тәуелсіздік алған жылдары еліміздің экономикасы жанданып, халықтың әлеуметтік жағдайы көтеріліп, басқа да түрлі салалар көптеген жетістікке қол жеткізді.Тәуелсіздік алғалы отыз жыл ішінде, еліміз көркейіп, қарқынды даму жо­лында мол табыстарға кенелді.

Соның ішінде білім саласына­да көп көңіл бөлінді. Биылғы жаңа оқу жылының бастамасы осы «Тәуелсіздік жетістіктері» атты тәрбие сағатымен басталды. Бұл да тәуелсіз еліміздің өсіп келе жатқан жас ұрпағына үлгі, өнеге бо­лары сөзсіз. Себебі, тәуелсіздікке қалай қол жеткізгенімізді бүгінгі ұрпақ, болашақ ел азаматтары есте сақтауы тиіс.

«Бейбітшілік – орнай берсін елімде,

Тәуелсіздік – жасай берсін мәңгіге»,- дегендей, көк туымыз желбіреп, әнұранымыз қалықтап, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын.

Зухра ҮКІБАЕВА,

«Қуат Терібаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі.

Мәліметпен бөлісу: