Тәуекелге бел буған дәрігерлерге шексіз алғыс!

 Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа «Covid – 19» коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімі келіп түскен науқастардың көңілінен шығып, алғыстарына бөленуде. Мұнда қажетті дәрі – дәрмектермен толық қамтамасыз етілген. Әр қызметкер өз міндеттерін жетік біліп, ілтипатпен дәрігерлік қызметтерін көрсетуде.

Мына суретте тәуекелге бел буған ақ халат­тылар (солдан оңға) медбике Мөлдір Оспано­ва, бөлім меңгерушісі Назиля Төлеуболатова, аға медбике Зәуре Мүсәпірова, тамақ та­ратушы Назым Сарқытбаева, тазалықшы Сая Ибраева, медбике Гүлнар Ибраймова, шаруашылық меңгерушісі Күләй Мырза­ходжаева, тазалықшы Күләш Қалеловалар. Сол сияқты өз істерін жетік білетін Алмагүл Жақыпбекова, Мақсат Шыңғыс, Дүйсенқұлұлы Жалғас және тазалықшылар Алмагүл Ахме­това, Анар Кәріпжанова, Г.Саурықовалардың қызметтеріне емделушілер дән риза.

Емделушілердің ұсынысын дайындаған:

Ербол СЫМХАНОВ.

Мәліметпен бөлісу: