
МКҚК «Қарлығаш» бөбек жай балабақшасында тіл айлығына арналған балалардың өз балабақшасы туралы түсініктерін қалыптастыра отырып, тілін дамыту, әңгімелесуі, тақпақтар айтуы арқылы ана тіліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында тәрбиешілер – Аға тәрбиеші Ермекова Ардақ Бейсембекқызы, Балабаева Мөлдір Асқарқызы және музыка жетекшісі Дәуренбекова Гүлзада Құмарқызының ұйымдастыруымен «Тәрбие басы — тіл» атты ашық тәрбие сағаты өтті.
Шараға 4 жастағы «Құлыншақ», «Гүлдер» топ тәрбиеленушілері тартылды.
Шара барысында алдымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні орындалды. Тәрбиеленушілерге Қазақстан Республикасының бас қаласы – Астана туралы, кең байтақ жеріміздің керемет, әдемі табиғаты бар екені туралы түсінік беріп, мемлекеттік және ұлттық мерекелеріміз жайлы мағлұмат бере отырып балаларымызды патриоттыққа, ұлтжандылыққа тәрбие бере алдық. «Гүлдер» тобының тәрбиешісі Балабаева Мөлдірдің ұйымдастыруымен көрме көрсетіліп, осы көрме арқылы балалар өз көздерімен көрген табиғи материалдарды қолдана отырып, балалардың эстетикалық талғамын дамытты деп ойлаймын.
Музыка жетекшісінің сүйемелдеуімен тамаша әндер мен би биленді. Тәрбиеленушілерге осы ұйымдастырылған іс — шараны суреттер, альбомдар мен көрмелер арқылы білімдерін кеңейттік.
Тілім барда мақтанам,
Тілім менің әппәқ ән.
Бірлігімді бүгінгі,
Ана — Тілім сақтаған – дегендей, Тіл мерекесіне арналған тақпақтарын тәрбиеленушілер Бақытжан Дінмұхамед, Еділ Айдос, Дастанұлы Али, Дәлелханұлы Ибрахим, Төлеген Амина, Әлібек Исатай, Мұхаметәліқызы Амина, Жетпісбай Медина айтты.
Балалар хормен «Анамның тілі» әнін орындады. Шара соңында Манат Аяна, Сағит Шырайлым, Мұхаметәліқызы Амина, Серік Гүлдана «Бипыл» биін биледі.
Ардақ ЕРМЕКОВА,
«Құлыншақ» тобының аға тәрбиешісі.