Тұрғын үймен қамту басты назарда!

Ауданымыздағы ең өзекті мәселе тұрғын үй мәселесі, аудан тұрғындарын жайлы және қол жетімді баспанамен қамту басты назарда!

Аудан бойынша тұрғын үй кезегіне барлығы 747 адам тұр. Оның ішінде

  • Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар санаты бойынша – 38 адам;
  • Көп балалы отбасы санаты бойынша – 180 адам;
  • Халықтың әлеуметтік осал топтары санаты бойынша – 314 адам;
  • Мемлекетік және бюджеттік ұйым қызметкерлері санаты бойынша – 199 адам;
  • Тұрғын үй аппатты деп танылған азаматтар санаты бойынша -16 адам.

Тұрғын үй кезегінде тұрған отбасыларға 2024 жылы аудан бойынша Қапал ауылында 3, Жансүгіров ауылынан 8 жеке тұрғын үй және 24 пәтерлі тұрғын үйдің кілті тапсырылды. Биыл да жұмыстар жалғасын тауып, осы жылдың бірінші тоқсанында 24 пәтер және жыл соңына дейін 60 пәтердің кілтін тұрғындарға тапсыру жоспарлануда.
Аудан тұрғындарын қол жетімді баспанамен қамту екі жолмен жүзеге асырылады:

  • 1 Жекешелендіру құқығы бар жалдамалы баспана болса
  • 2 «Отбасы банк» арқылы жеңілдетілген несие арқылы
    Құрметті аудан тұрғындары мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспаналарды кезекте тұрған азаматтарға кезек ретімен Тұрғын үй қатынастары заңына сәйкес заң аясында бөлініп беріледі
    Қабылданған барлық шешімдер Қазақстан республикасының заңнамасы аясында заң шеңберінде қабылдануда.

Сабырбаев Амандос Ақышұлы
Ақсу ауданы әкімінің орынбасары

Мәліметпен бөлісу: