«Nur Otan» партиясының саяси көшбасшылығының түбегейлі мәселесі – біздің сыбайлас жемқорлықпен ымыраға келмейтін стратегиямыз…» — деген болатын Елбасы, Партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаев. 2019 жыл-дың тамыз айында өткен Саяси Кеңес отырысында «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам. – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты бағдарламасында бізге жүктеген барлық міндеттер — жұмысымыздың маңызды бағыты. 2-серпінде партия қатарын тазалау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту туралы тапсырма берілді.
Жаңа талаптарды ескере отырып партиялық бақылау комиссиясы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің құрамы жаңартылды, партия «құрамын тазарту» жұмыстары жүргізілуде. Тоқсан сайын өткізуге қажетті отырыстар енді ай сайын өткізіледі.
Осыған орай 2020 жылдың 30 қаңтарында өткен отырыста Матай ауылдық округінің әкімі, бастауыш партия ұйымының төрағасы Р.Мұсағұлов, Ойтоған ауылдық округінің әкімі, бас-тауыш партия ұйымының төрағасы Т.Білісбек есеп берді.
Б.МЕЙРЕМБЕКОВ,
Аудандық партия
филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы.