
Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық сияқты келеңсіз,жаман әдеттің жолын кесіп,жоюға бағытталған көптеген іс — шаралар ұйымдастырылып жүзеге асырылып жатыр.
Сыбайлас жемқорлықтың белең алуы азаматтардың конституциялық құқықтарына кері әсерін тигізеді, олардың заң алдындағы тең құқылық принципі бұзылып мемлекеттік билік беделіне елеулі нұқсан келтіреді. Осының негізінде бұл маңызды іске мемлекеттік органдар мен оның лауазымды тұлғалары, қоғамдық ұйымдар атсалысуда. Әрбір мемлекеттік мекемелерде және құқық қорғау органдарында сенім телефондары жұмыс жасауы керек, өйткені, халыққа қызмет көрсету саласының қызметкерлері мен мемлекеттік қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылыққа тосқауыл болатын және дер кезінде анықтауға жәрдемдесетін мемлекеттік органдардың, тұрғындармен қарым — қатынас жасаудың маңызды құралы болып табылады. Әрқайсымыз сыбайлас жемқорлықпен күресейік, сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтарды болдырмайық және оның алдын алайық.Біздің әрқайсымыздың тарапымыздан сыбайлас жемқорлықты болдырмау барысында белсенді қызмет қажет. Кейбір мемлекеттік қызметкерлердің тарапынан кетіп жатқан сыбайлас жемқорлықтың көріністерін біз өзіміздің қызметімізде қайталамау және оның алдын алу мақсатында құқықтық насихат жұмыстарын жүргізу және оны орындау әрқайсымыздың міндетіміз деп есептеңіздер.
Жемқорлық мемлекетіміздің беделін түсіреді, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді, құқықтық мемлекет құрудың қағидаларын бұзады. Ел межесі алдыңғы қатарлы елу елдің қатарына ену. Осындай егемендігіміздің алға қойған мақсатына жетуіне кедергі — ол сыбайлас жемқорлық. Сыбайлас жемқорлықпен күресу баршамызға ортақ міндет.
Нұрдаулет ЖАҚСЫБАЕВ,
аудандық ТЖБ бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі.