Сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінгі күн талабы

Сыбайлас жемқорлықсыз қоғамды құруда отбасынан алынатын тәрбиенің маңызы зор. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау қоғамның түрлі салаларын қамтиды.
Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда.
Ақсу ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында кездесулер, дөңгелек үстелдер, ұдайы ұйымдастырылып, аудан бойынша қызметкерлерге, халыққа түсіндірме жұмысы жүргізіліп, қоғамдық орындарда үлестірмелі материалдар таратылып отырады. Жыл басынан бері жалпы ауданда 67 шара өткізілді.
Мұның бәрі елімізде құқықтық мемлекеттің іс жүзінде орнауына, заңның үстемдігіне, әр адамның қауіпсіз өмір сүруіне, қоғамдық тәртіптің нығаюына, әлеуметтік ахуалдың жақсаруына, ең бастысы ұлттың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және тұрақты дамуға жеткізеді. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттырудың маңызы зор.
Мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады. Яғни, осы келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ міндет екені айқын. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп қара қылды қақ жарып, турасын айтып, әділдікке жүгінген қаймана халықтың ұрпағы бүгінгідей өз алдына ел болып, еңсесі биік дамыған мемлекеттердің қатарына жетуді көздеп отырған шақта сол адами қалып – парасат биігінен көрінуге тиіспіз. 

Шындәулет Мағжан
Ақсу ауданының әкімінің баспасөз хатшысы

Мәліметпен бөлісу: