Сыбайлас жемқорлық — індет

Сыбайлас жемқорлық бүгінгі  таңда   көптеген  елдерде  кеңінен  белең алып, қоғамдық қауіпсіздікке  қатер  төндірген  қылмыстың бірі.

Ал  осы  көріністерді  туындатқан  салалар    мемлекеттік  үдерісті, қарышты  дамуына  кедергі  келтіріп  қана  қоймай, сондай-ақ  мемлекет  билігінің  беделіне  де  нұқсан  келтіреді. Құқықтық  демократиялық  мемлекет  құрудың  принциптерін  бұзып,  ұлттық  қауіпсіздік  мүдделеріне  нақты  қауіп  туғызады.  Өтпелі кезеңнің  ауыр  жылдарында  қоғамымызға  дендеп  еніп, белең  алған  бұл  дертті  жою оңай емес.

Оның алдын алу, болдырмақ, мүмкіндік туғызбау үшін барлық  мекеме – ұйымдар, ұжымдар, қоғамдық  ұйымдар, барлық азамат  іске немқұрайлы қарамауы  керек. Жең  ұшынан  жалғасқан  жемқорлықпен  күреске  барша  жұрт  атсалысқанда  ғана  нәтижелі  болмақ. Әсіресе, ұжым басшылары бұл міндетке  жауапты  қарауы тиіс. «Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күресетін бір күш болуға тиіс. Жемқорлық – жай құқықбұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып табылады»,- деп Президентіміз — Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевтың атап көрсеткеніндей сыбайлас жемқорлықпен күресу баршаның басты міндеті. Бұл кесел біздің мемлекеттілігіміз бен демократиямызды жегідей жейді. Сыбайлас жемқорлық біздің мемлекеттігіміз бен демократиямызға төнген айрықша қауіп. Сондықтан да біз сыбайлас жемқорлықтың жолын кесудің және қоғамда оның кез-келген көрінісіне ымырасыздық ахуалын қалыптастырудың жағдайын жүйелі түрде жасауға атсалысуға тиіспіз. Осыған байланысты  тек құқық қорғау органдары  ғана емес, барлық мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар, бүкіл әлеумет, әр азамат оған қарсы тұруға шешім қабылдауы керек, сонда ғана жемқорлыққа жол берілмесі анық. Сыбайлас  жемқорлық  ұғымымен  жалғыз  пара  алуды  ғана  баламалауға  ғана  болмайды, өйткені, бұл  қылмыстың  осы  түрінің  көп  көріністерінің  бірі  ғана. Жемқорлықпен ел болып күресіп жатқанымызбен қоғамымызда әлі болса  жемқорлықтың орын алуы, еліміздің экономикалық дамуы мен оның өркендеуіне кері әсерін тигізетіні баршамызға белгілі. Осыған байланысты  тек құқық қорғау органдары  ғана емес, барлық мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар, бүкіл әлеумет, әр азамат оған қарсы тұруға шешім қабылдауы керек, сонда ғана жемқорлыққа жол берілмесі анық. Қазіргі таңда мемлекетімізде бағыныштыларының  сыбайластық  әрекет  жасағандары  үшін  басшының  жауаптылығы  туралы  мәселе  қойылып  отыр. Мұның  өзі,  сөз  жоқ,  сыбайластық пен  күресте  қолданылып  жүрген  мемлекеттік  механизмдегі  маңызды  да  басты  элементтерінің  бірі  болып  табылады. Сонымен  қатар, бұл тұрғыда  сыбайластықпен күресте  бірқатар сапалық  жаңа  шаралар  қарастырылған. Мемлекеттік  қызметкердің өзіне  белгілі  болған сыбайластық  құқық  бұзушылық  оқиғалары  туралы  хабарлау  міндеті  енгізіліп, сыбайластыққа  қарсы  әрекет шаралары жасалған.

Жадыра ЗАРЫҚПАЕВА,

аудандық соттың судьясы.

Мәліметпен бөлісу: