Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде қазіргі уақытта саяси дамуға қарамастан әлемнің барлық дерлік елдерінде, оның ішінде Қазақстанда да өмір сүруін жалғастыруда және тек ауқымында ғана ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономика құру, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына теріс әсер етеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалған.
Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты ұлттық тәжірибе мен озық шетелдік тәжірибені ескере отырып, қоғамның сұраныстары негізінде үнемі жетілдіріліп отырады. Мемлекет басшысының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасына қол қоюы сыбайлас жемқорлықты жоюға жаңа серпін берді. Стратегиялық құжат сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жүйелі түрде жоюға, ол үшін жауапкершіліктің сөзсіз болуын қамтамасыз етуге, қоғамдық сананың түбегейлі өзгеруіне бағытталған.
Негізгі жаңалықтардың бірі-негізсіз байыту үшін шенеуніктердің жауапкершілігін енгізу, яғни декларацияларды салыстыру нәтижелері бойынша шенеуніктің шығындары оның кірістеріне сәйкес келмеген жағдайда фискалдық және мансаптық Санкциялар пайда болады. Осы нормаларды енгізу мерзімі – 2025 жыл, яғни халықты жалпыға бірдей декларациялаумен толық көлемде қамтуды ескергенде.
Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды қорғау жүйесі күшейтілді. Жаңа заңнамалық нормалар олардың еңбек құқықтарын қорғау кепілдіктерін, сондай-ақ олар туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға көрсеткен жәрдемі туралы құпия ақпаратты жария еткені үшін қылмыстық жауаптылықты көздейді.
Аталған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесінде негізгі буын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, олардың туындауына ілеспе себептер мен жағдайларды анықтау және азайту болып айқындалды. Осылайша, мемлекеттік органда және жеке секторда сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын болдырмау мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау көзделген, ол сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін сыбайлас жемқорлық факторларын анықтауға және зерделеуге бағытталған.
Жоғарыда аталған Заңның талаптарына сәйкес барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдайды. Бұл жерде тәуекелдер мен бұзушылықтарды мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен басшыларының өздері анықтайтынын атап өту маңызды. Бұл мемлекеттік аппаратта сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік қағидатын іс жүзінде енгізу болып табылады.
Жалпы, сыбайлас жемқорлықтан абсолютті бас тартуға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру, тәрбие және білім беру шараларын жүйелеу, мемлекеттік аппарат пен бизнес-қоғамдастық өкілдерін парасатты мінез-құлыққа ынталандыру жолымен қол жеткізілетін болады.

Жетісу облысы бойынша
Ішкі мемлекеттік аудит
департаменті басшысының
орынбасары
Қуаныш Мұсаұлы Сағымбаев

Мәліметпен бөлісу: