СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ

Жетісу облысы әкімінің 2022 жылғы 26 желтоқсандағы №139 Қаулысын басшылыққа ала оты­рып, «2023 жылы болуы мүмкін қар көшкініне, су тасқынына, су басуларға, сырғымаға, селдің жүруіне дайындық және тұрғындардың, шаруашылық жүргізу объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және болуы мүмкін зиян­ды төмендету шараларын орындау мақсатында Ақсу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі мен аудандық жергілікті атқарушы органдарымен бірлесе бірнеше су тасқынына алдын алу іс — шара жүргізілуде. Мысалы, оның ішінде Ақсу ау­даны аумағындағы ауылдық округтерде орналасқан барлық су шаруашылық құрылыстар (ГТС) есепке алып, су тасқынына аса бейім аумақтар мен су айдындары тексе­ру ұйымдастырылды. Соны­мен бірге елді мекендердегі арық, канал, гидротехникалық құрылғылар, су ағызу арнала­ры аралау ұйымдастырылды, су тасқынына болуы мүмкін немесе басқа да шұғыл жа­салатын инженерлік қорғау жұмыстарының орындалуы туралы, құжатарын ауылдық округ әкімдеріне тапсырылды.

Осыған байланысты Ақсу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі су тасқынына, су басуларға, дайындау және тасқын суды апатсыз өткізу мақсатында, Сіздерге осы мерзімнен бастап су ағызу ар­налары тазалау және басқа да қажеттілік инженерлік қорғау жұмыстары жүргізу керек екендігін ескертеді.

Нұрдәулет ЖАҚСЫБАЕВ,

Ақсу ауданының ТЖБ бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі.

Мәліметпен бөлісу: