Жетісу облысы Ақсу аудандық  мәслихатының сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру туралы

Жетісу облысы Ақсу аудандық  мәслихатының

аудандық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру туралы

ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Жетісу облыстық мәслихаты 9 округтік сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы хабарлайды.

Облыстық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиясы бес мүшеден тұратын құрамда құрылады.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына аталған саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардан ұсыныстар түспеген жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатындарға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2023 жылғы 01 қантарынан бастап 2023 жылғы 16 қаңтарға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:

1) сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы белгіленген нысандағы электронды және қағаз түрінде мәліметтер;  

2) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар ұсыну туралы  саяси партияның,  қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің),  жоғары тұрған сайлау комиссияларының шешімдерінен үзінді;

3) саяси партияны,  қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына белгіленген нысан бойынша қатысуға келісімі туралы өтініштері.

Сайлау комиссиялары құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісім беруі туралы өтініштерінің нысаны мәслихаттың сайтына орналастырылған. 

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуы тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

Осы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа ұсынылатын барлық қағаз нұсқадағы құжаттарда басшының қолы қойылған, мөрмен бекітілген және орындалу датасы, орындаушының фамилиясы, аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілген болуы тиіс.  

Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2023 жылғы     16 қаңтарға дейін дүйсенбі мен жұма аралығында сағ. 09:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс сағ.13:00-ден 14:30-ға дейін.

Жетісу облысы Ақсу аудандық  мәслихаты

Ақсу аудандық  мәслихатының хатшысы – Б.Ж.Сүлейменов

Мәслихаттың орналасқан жері: Ақсу ауданы,Жансүгіров ауылы,Желтоқсан № 5

Жауапты тұлға –  Үсенов Нұрбол Қаметқалиұлы, № 19 каб., ұялы телефондарының нөмірі: 87758500247, 87769800265 электрондық пошта мекен жайы- aksu_maslihat@mail.ru

№ р/сСайлау округінің нөміріСайлау комиссиясының орналасқан жеріСайлау комиссиясы мүшелерінің саны  
1234
  Округтік сайлау комиссиялары – 12  
 №1№ 1 сайлау округі Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Жансүгіров ауылы, О. Жұмашев көшесі, № 49, Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен: Шекаралар:№1, №5 сайлау учаскелері кіреді.  5
 №2№ 2 сайлау округі Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Жансүгіров ауылы, Желтоқсан көшесі, № 6, Қаныш Имантайұлы Сәтбаев атындағы орта мектеп-гимназиясы. Шекаралар: №2 сайлау учаскелері кіреді.  5
 №3№ 3 сайлау округі Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Жансүгіров ауылы, Қабанбай батыр көшесі, № 43, «Ақын Сара» мәдени жастар орталығы. Шекаралар: №3 сайлау учаскелері кіреді.  5
 №4  № 4 сайлау округі Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Есеболатов ауылы, Жамбыл көшесі, №8, Н.Есеболатов атындағы орта мектеп. Шекаралар: №6, №7, №8, №9,  №10, №11 сайлау учаскелері кіреді.  5
 №5№ 5 сайлау округі Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Қаракөз ауылы,    Жансүгіров көшесі,  №11, Қызылорақ орта мектебі. Шекаралар: №12, №13, №14, №17, №18 сайлау учаскелері кіреді.  5
 №6№ 6 сайлау округі Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Сағабүйен ауылы, Абылайхан көшесі, №24, Сағабүйен ауылдық мәдениет үйі. Шекаралар: №15, №16, №19, №20 сайлау учаскелері кіреді.  5
 №7№ 7 сайлау округі Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Ақсу ауылы, Жансүгіров көшесі, №21, Мамания орта мектебі. Шекаралар: №4, №21, №22, №23 сайлау учаскелері кіреді.  5
 №8№ 8 сайлау округі Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Суықсай ауылы, Қызайбек көшесі, №5,  Ю.Гагарин атындағы орта мектебі. Шекаралар: №24. №25, №26, №27, №28, №29, №30 сайлау учаскелері кіреді.  5
 №9№ 9 сайлау округі Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Қапал ауылы, Алыбаев көшесі, №4, ауылдық мәдениет үйі. Шекаралар: №31, №32,  сайлау учаскелері кіреді.  5
 №10  № 10 сайлау округі Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Қызылағаш ауылы, Жастар көшесі, №10, ауылдық мәдениет үйі Шекаралар: №35, №36 сайлау учаскелері кіреді.  5
5№11  № 11 сайлау округі Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Егінсу ауылы, Алтынсарин көшесі, Егінсу орта мектебі, Шекаралар: №33, №34, №37, №38, №39, №40 сайлау учаскелері кіреді.  5
 №12№ 12 сайлау округі Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Матай  ауылы, Депо   көшесі,  №26  ПЧ, тел. 87284362897.  Шекаралар: №41, №42, №43 сайлау учаскелері кіреді.    5

Мәліметпен бөлісу: