Грейс-кезеңі дегеніміз не және кредиттік карталардан ақша табуға бола ма?

Күн сайын қазақстандықтар қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды көбірек пайдаланады. Ұлттық Банктің мәліметі бойынша, 2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша айналымда 63,6 миллионнан астам төлем карточкалары болған. Операция түрі бойынша банктік карталар кірістер (жалақы, жәрдемақы, стипендия) түсетін дебеттік және кредиттік болып бөлінеді.

Fingramota.kz сізге кредиттік картаның ерекшеліктері туралы айтып береді және кредиттік жауапкершілікті еске салады.

Алдымен кіріс пен шығысты есептеп, қаржылық мүмкіндігіңізді байқаңыз. Есіңізде болсын, кредит алу оны қайтарудан гөрі оңай және оны шартта белгіленген мерзімде қайтару керек екенін естен шығармаған жөн. Егер сіз кредиттік картаны ресімдеуді шешсеңіз, онда оны ресімдеу шарттарын мұқият зерделеңіз: картаға жылдық қызмет көрсету үшін алынатын төлем неше, жылдық сыйақы мөлшерлемесі және ай сайынғы төлем мерзімі қандай, қарызды уақтылы төлемегені үшін қандай өсімпұл, қолма-қол ақшаны алу үшін қанша пайыз көзделген және басқалары. Менеджермен кеңесіңіз, картаның жеңілдік кезеңі болғаны жөн (кредиттік лимитті пайызсыз пайдалану мүмкіндігі), картаны қолдану барысында онымен есептескенде негізгі қарыз сомасына пайыздың есептелмеуіне көз жеткізіңіз. Бұл уақыт аралығы грейс-кезеңі деп аталады.

Грейс-кезеңі бұл жеңілдік кезеңінің, оның қолданыс кезеңінде кредиттік картаны пайдалануды банк тегін ұсынатын және кредиттік ақшаны пайдаланғаны үшін пайыздар есептелмейтін, белгілі бір күндерінің саны. Яғни, грейс-кезеңі – бұл карта пайдаланушысы кредит сомасын пайызсыз төлей алатын уақыт аралығы.

Грейс-кезеңі қанша уақытқа созылады?

Жеңілдікті кезеңнің ұзақтығын әрбір банк дербес белгілейді, әдетте ол қазақстандық банктерде орта есеппен 50-ден 100 күнге дейін құрайды. Жеңілдікті кезең жағдайында төлем ағымдағы айдан кейінгі айдың 20-күніне дейін жүргізіледі.

Кредиттік карталарды есептеу айдың соңында/басында жүзеге асырылады, сондықтан грейс-кезеңі сатып алу күнінен бастап өзгеруі мүмкін. Пайызсыз кезеңнің шарттары шартта жазылады. Сондықтан қол қоймас бұрын шартты мұқият оқып шығыңыз!

Банктер жеңілдік кезеңін әр түрлі есептеуі мүмкін.

Картаны алған күннен басталатын грейс-кезең. Бұл жағдайда жеңілдік кезеңі сатып алу күніне тәуелсіз, картаны сатып алған айдың бірінші күнінен бастап есептеледі. Яғни, сіз айдың бірінде немесе отыз бірінде сатып алғаныңызға байланысты болмайды. Грейс белгіленген кесте бойынша жалғасады және сәйкесінше барлық сатып алудың жалпы санын қоса отырып есептен шығарылады. 

Мысалы, сіз кредиттік картаны 2022 жылғы 1 желтоқсанда сатып алдыңыз делік, грейс-кезеңі 50 күнді құрайды. Бұл кезеңді есептеу 2022 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қоса алғанда 2023 жылғы 19 қаңтарға дейінгі аралықты қамтиды. 

Сондай-ақ, қазақстандық банктер көбінесе операция жасалған күннен бастап келесі айдың 20-на дейінгі жеңілдікті кезеңді есептейді. Мәселен, егер сіз 50 мың теңге жұмсап, 1 және 15 желтоқсанда екі рет сатып алған болсаңыз, онда бұл соманы артық төлемсіз 20 желтоқсанға дейін өтеуіңіз керек.

Әр операция бойынша грейс-кезең. Бұл түр сирек кездеседі. Мұнда әр сатып алудың өзіндік жеңілдік кезеңі бар, мысалы, 50 күн. Берешекті сатып алған кездегі сияқты тәртіппен өтеу керек. Бұл жүйе кредиттік картаны сирек қолданатындарға ыңғайлы.

Бірінші сатып алудан басталатын грейс-кезең. Бұл пайызсыз кезеңнің ең сирек нұсқасы. Ол белгілі бір мерзімге ғана жарамды, мысалы, карта бойынша бірінші операциядан кейін 100 күн. Бұдан кейін грейс-кезең есептеу кезеңіне немесе жеке сатып алу күніне байланысты есептеле бастайды. Банктер бұл схеманы әдетте жаңа клиенттерді тарту үшін пайдаланады.

       Нені ескеру керек?

       Жеңілдік кезеңі кредиттік картамен жасалған барлық сатып алуларға қолданылмауы мүмкін. Сондықтан банк менеджерінен бәрін алдын ала біліп, картаны алмас бұрын шарттың талаптарымен мұқият танысу өте маңызды.

       Мысалы, егер сіз картадан қолма-қол ақша алсаңыз, ақша аударсаңыз немесе одан кредит немесе айыппұл төлесеңіз, грейс-кезең тоқтап қалуы мүмкін. Бұл мынадай жағдайда мүмкін болады, мысалы, картаның талаптары бойынша пайдаланылған берешекті 100% мөлшерде өтеген жағдайда, жеңілдікті кезең тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) белгілі бір сомаға дейін (мысалы, 20 немесе 50 мың теңгеге дейін) төлеу бойынша қолма-қол ақшасыз операцияларға ғана қолданылады.

       Сондай-ақ, грейс-кезең банк мәлімдеген мерзімнен қысқа болуы мүмкін екенін білу маңызды. Бір банктің карталарында жеңілдік кезеңі бірінші сатып алудан басталады, ал басқаларында айдың басынан басталады. Сондықтан, сіз картаны, мысалы, 1 желтоқсанда алсаңыз, ол бойынша алғашқы сатып алуды 30 желтоқсанда жасасаңыз, нәтижесінде грейс-кезең іс жүзінде 30 күнге қысқарады.

          Сондықтан мобильді қосымшадағы немесе сайттағы мерзімдерді мұқият қадағалап, SMS, push-хабарламалар арқылы банктің хабарларын қадағалап отыруыңыз керек немесе менеджерлерден алдын-ала біліп алуыңыз керек.

Сондай-ақ егер клиент ең төменгі төлемді өтеу мерзімін бұзған болса, банк кредитке қызмет көрсету үшін пайыздарды есептей бастауы мүмкін. Дәстүр бойынша оны айына бір рет енгізіледі. 

         Кредиттік карта бойынша ең аз төлем деген не?

Берешекті уақтылы өтеу үшін сіздің банк көрсеткен кезеңде, әдетте, бұл әр айдың 1-інен 20-ына дейін (қоса алғанда) шотқа ең аз төлем енгізу қажет.

Ең аз төлемге мыналар кіруі мүмкін:

1. бөліп төлеу бойынша төлем;

2. кредит бойынша төлем;

3. кредит бойынша нақты пайдаланған күндер үшін есептелген сыйақы;

4. банктің тарифтеріне сәйкес комиссия.

Әдетте банктер кредит картасының міндетті шарты ретінде ай сайын кредит сомасының 1%-дан 50%-ға дейін не ай сайын бірдей бөлікпен төлеуді талап етеді. Әр түрлі банкте бұл пайыздардың мөлшері өзгереді, мысалы, біреуінде кредит сомасынан айына 5% ең төменгі төлем шартын, екіншісінде – 10% және т. б. 

Айдың қорытындысы бойынша банк көзделген комиссияларды ескере отырып, кредит бойынша клиенттің ең төменгі төлемін есептейді. Төлемді уақытында төлеп үлгеруі үшін банк әдетте оған ең төменгі төлем сомасы мен жеңілдік кезеңінің сомасы, сондай-ақ төлем жасалатын күн көрсетілген алдын ала SMS жібереді. Клиентті хабардар ету тәсілдері шартта жазылады. Банктердің өздері берешекті алдын-ала өтеуді ұсынады. Егер клиент, мысалы, ең төменгі төлемнің сомасы мен күні туралы SMS алмаған болса, төлемнің егжей-тегжейін нақтылау үшін кешіктірмеген және қолдау қызметіне алдын-ала хабарласқан дұрыс.

Ай сайынғы төлем бойынша берешекті өтемеген кезде, банк әдетте клиенттің кредиттік картасын берешекті өтегенге дейін бұғаттайды. Қазақстандық банктердегі берешекті уақтылы өтемегені үшін өсімпұл күніне орта есеппен 0,5%-ды құрайды.

Картаның мерзімі біткеннен кейін шот жабылмайтынын, клиенттің кредиттік міндеттемесі тоқтатылмайтынын білу маңызды.

Кредиттік карта иелерінің әдеттегі қателіктері

Кредиттік карталарының иелері қарызды пайдалану кезінде жиі қателіктер жібереді, нәтижесінде пайыздар мен айыппұлдар пайда болады. Олардың ең көп тарағандары:

     —  Карта бойынша қосымша қызметтердің болуына мән бермейді немесе тексермейді. Мысалы, банк сізге ұйғарым бойынша сақтандыру қызметін қосуы мсүмкін. Артық төлем жасамау үшін оны өзіңіз өшіре аласыз немесе картаны рәсімдеу кезінде сақтандырудан бас тарта аласыз.

    — Клиент мөлшерлемеге назар аудармайды. Көптеген банктерде қолма-қол ақшасыз операциялар жасау мен банкоматтан ақша алу пайызы арасында үлкен айырмашылық бар.

   — Жаңа жеңілдік кезеңі күтілмейді. Егер кредиттік карта бойынша пайызсыз мерзімнің ұзақтығы 50 күн болса, онда басында қарызды өтеу керек, ал жаңа грейс-кезең басталған кезде қаржылық операциялар жасау керек.

  — Кредиттік картаны рәсімдегеннен кейін тұтынушылар қажет емес жағдайда оның жабылатындығын бақыламайды. Егер жабылмаса, картада қосылған қызметтер үшін қарыз жинақталады.

— Ең төменгі төлемдерді жасау. Минималды сомалар соншалықты аз, олармен кредиттік картаның лимитін жабу мүмкін емес.

— Әр түрлі банктердің бірнеше карталарын бір уақытта пайдалану.

    Бір кредиттік картаны қолданған жөн. Себебі, сіз оларды және әрқайсысы үшін қарызды төлеу кезінде шатасуыңыз мүмкін. Егер клиент төлемді мерзімінде жасамаса, онда ол жоғары пайыздар түрінде қиындықтарға тап болады.

Сонымен, кредиттік карталарды пайдаланудың артықшылықтары мен кемшіліктерін қысқаша қарастырайық.

Кредиттік карталардың артықшылықтары:

— қарыз алу үшін банкке бармай-ақ сатып алулар үшін есеп айырысу, қаражатты пайызсыз қайтару мүмкіндігі;

— пайдаланушы төлем құралын үнемі пайдаланған кезде және қарызды уақтылы қайтарған кезде кредиттік лимиттің ұлғаюы;

— төтенше жағдай кезінде ақшаны бөліктермен қайтару (міндетті ай сайынғы төлем бар);

— карта бойынша қуантарлық бонустардың болуы: кешбэк, серіктестердің акциялары және т.б.

Кредиттік карталардың кемшіліктері

— жеңілдік кезеңі сақталмаған жағдайда жоғары пайыз;

— банкоматтардағы картадан ақша алу, балансты қарау және т.б. үшін ақылы үзінді көшірмелер мен комиссиялар;

— пайызсыз кезеңді тек кейбір операцияларға  қолдану;

— кейбір банктерде жеңілдік кезеңі аз болуы мүмкін және іс жүзінде банк мәлімдеген мерзімдерден өзгеше болуы мүмкін.

Қорытынды: Кредиттік карталардың қандай да бір артықшылықтарына қарамастан, кез келген қарызды қайтару қажет болатынын естен шығармаңыз. Бұл дегеніңіз, ең алдымен өзіңіз қабылдаған міндеттемелер үшін жауапкершілікті түсіну керек. Сондықтан, кредиттік карта ресімдеуден бұрын барлық тәуекелді бағалап алыңыз. Қарыздарыңызды уақтылы қайтару үшін сіздің тұрақты әрі сенімді кірісіңіз болуға тиіс. Сондай-ақ, күтпеген жағдайлар орын алған уақытта жинаған қаражатыңыз болуы қажет. Сонда сіз жұмыстан шығып не сырқаттанып қалсаңыз өзіңізді қорғай аласыз және кредит мерзімін кешіктірмейсіз.

Сақ болыңыз және Fingramota.kz-пен бірге қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз!

Мәліметпен бөлісу: