Ұстаз ұлы тұлға


Ұстаздарға олардың сіңірген еңбегі, білімі мен қамқорлығы үшін өз ризашылықтарын білдіреді. Ұстаздарға құттықтау сөздерін есту әрдайым қуанышты. Ұстаз – келер күннің ұстасы. Кез келген талапты оқушыны білімнің асқар биігіне шығаратын тек қана білімді ұстаз екендігі даусыз. Осы орайда, өңірлік партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі А.Досмуханбетов, аудандық білім бөлімінің басшысы А.Жексенбаев, М.Байсақұлы атындағы мәдениет үйінің директоры, «Молықбай» БПҰ төрағасы А.Серикова, аудандық партия филиалының консультанты Е.Маратов ұстаздар күні қарсаңында бастау алған партияның «Ұлағатты ұстаз» жобасы аясында саналы ғұмырын ұстаздыққа арнаған Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылының тұрғыны Суршанова Бакытжан Қызырқызын кәсіби мерекесімен құттықтады.

Ұзақ жылдар бойы білім саласында еңбек етіп зейнеткерлікке абыроймен жеткен.Осы жылдар аралығында алған жетістіктеріде аз емес: 1987 жылы Қазақстан мұғалімдерінің 4-сьезі делегаты,1987 жыл «Аға мұғалім» атағы берілді, 1989 жылы Республикалық профсоюз комитетінің грамотасымен марапатталғам, 1991жылы «Қазақстан ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» белгісімен марапатталды, 2005 жылы облыс әкімінің алғыс хаты, 2012 жылы ҚР Білім және ҒЫЛЫМ Министрлігінң алғыс хатымен марапатталған. Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға дей отырып . Суршанова Бакытжан Қызырқызына Жанарларыңыз әрдайым нұр шашып, жүздеріңіз күндей күлімдеп жүрсін! Зор денсаулық, ұзақ ғұмыр берсін.

Отбасыларыңызда әрқашан бейбітшілік, келісім, қуаныш пен жайлылық болсын. Есіңізде болсын, сізсіз бұл әлем әлдеқайда нашар болады, өйткені адамзатқа одан әрі дамуға үміт беретін мұғалімдер! – деді А.Досмуханбектов

#Еңбекадамы

#Ұлағаттыұстаз

Мәліметпен бөлісу: