СПОРТШЫЛАРЫМЫЗ ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

6 — 7 қараша күндері Ал­маты қаласында еркін күрестен Batyr Wrest клубының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Республикалық турнир өтті. Жарысқа еліміздің түкпір — түкпірінен келген бозкілем шеберлері бақ сынасты.

Бұл сайысқа Жамбыл, Шығыс Қазақстан облысы, Нұр-Сұлтан, және Батыс Қазақстан облысынан 715-ден астам үміткер үмітін үкілеп келген. Екі күн бойы 2006 — 2007 жылы туылған жас балуандар боз кілемде белдесті.

Оның қатарына облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, Ақсу аудандық филиалының еркін күрес бөлімінің жаттықтырушысы Азамат Төлеуханов пен Ал­мас Тұрғанбаевтың шәкірттері, «Алакөл ауданының Лепсі ауылындағы спортта дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты» жаттықтырушылары Ерлан Болыспаев пен Тойбек Азаматтың шәкірттері үздік өнер көрсетті. Баймұханбет Әділет, Би­молда Өркен, Дәулетқожа Нұрәлі жүлделі 1-орынды иеленді. Ал, Абылғазы Ерғазы, Төкен Ерхат, Алмуса Жарқын, Қалмұхамбет Нұрислам, Болатбек Ера­сыл, Нүрғалым Әрсен 2-ші орынды иеленсе, Шаймұрат Ілияс, Қалмұхамбет Дулат, Дәулетқожа Ерасыл, Еркін Ертіс үздік үштікке жайғасты.

Назым НҰРТАЙҚЫЗЫ.

Мәліметпен бөлісу: