Спорт жаңалықтары

30 тамыз күні Ата Заң күнін мерекесіне орай, орталық алаңда аудан тұрғындарына   арналған мерекелік кеш өтті.

Ауданымыздың өнер майталмандары жиналғандарға мерекелік көңіл — күй сыйлап, ән айтып, би биледі, түрлі ойындар ойнатылды. 

Шара барысында І.Жансүгіров ауылының тумасы, ауданымыздың мақтанышы, еркін күрестен әлем чемпионатында ел намысын қорғап, күміс жүлдегер атанған Шағаева Алтынды жеңісімен құттықтап, ауыл азаматтары  бір млн. теңге, алғашқы және қазіргі жаттықтырушыларына 100 мың теңгеден сертификат беріп, иықтарына шапан жапты.

Ауыл азаматтарының, аудан жастарының ұйымдастыруымен «Темірлан» кафесінде дастархан жайылып, шараға аудан имамы Анарбай Тасболатұлы, ауыл әкімі Ілияс Мұсабаланов, Алтынның жаттықтырушылары, ауданнан бірнеше мықты спортшыларды даярлап шығарған алғашқы жаттықтырушысы Ғалымжанов Алтай Айтжанұлы, спорт сүйер жастар мен шара демеушілері, Әлемнің күміс жүлдегерінің мектептегі ұстаздары Алмагүл Есенғараева, Данияр Ахмолдаев және анасы мен бауыры қатысып, ізгі тілектерін білдірді.

Осы сәтте мен де ортаға шығып Ақсудың алтын қызына арнап өлеңімді оқып, тілегімді білдіріп, алдағы жарыстарына сәттілік тіледім:

Адам ба қалмаса егер артында ізі?

Алтыным, Ақсуымның алтын қызы.

Әлемнен алған жүлдең құтты болсын.

Лебізін айтып жатыр халқың жылы.

Асхат алған күмісті сен де алдың,

Ақсу үшін ауыр ма алтын жүгі?

Алдағы додаларда алтын алып,

Жарқырсын Алтынның жарқын жүзі..

Дәл осы күні Конституция күніне орай ұйымдастырылған дене шынықтыру қызметкерлері арасында шағын футболдан жарыс өтті. Жарысқа  спорт саласында жүрген жаттықтырушылар, ауылдық округтерді спорт нұсқаушылары қатысты. Шараны ұйымдастырған Ақсу ауданының бұқаралық спорттық іс — шараларын өткізу орталығы..
Нәтижесінде жүлелі І орынды аудан орталығындағы Балалар мен жас өспірім-дер спорт мектебінің жаттықтырушылары, ІІ орынды Қызылағаш балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, ал, ІІІ орынды Ақсу қант зауытының командасы иеленді. Көшербай Айбар «Үздік ойыншы»,  Ерлан Қапай  «Үздік  қорғаушы», 
Искаков Руслан «Үздік қақпашы» атанды.

Ербол Сымханов.

Мәліметпен бөлісу: