СОҢҒЫ ХАТ НЕМЕСЕ РУХ ҮНІ

Батырлар рухына

Өмірлік оты сөнгенмен,

Қалдырған ізі өлмейді.

Жаны аяусыз өлгенмен,

Мәңгілік рухы сөнбейді.

Тұлғалары сақтаулы,

Әр ұрпақтың есінде,

Үміті жанның ақталды,

Тоқсан бірдің кешінде.

Үміт берді келер күн,

Жол бермеді сынуға

Ашық болар енді күн,

Тәуелсіздік тұғырда.

Өткен бабам ерлігі,

Қайталанды бұл кеште.

Сексен алты жылында,

Болмас ұмыт қылуға.

Оңай бермек қайда деп,

Тәуелсіздік бұл елге

Әкелемін пайда деп,

Қыршыннан кетті егесте.

Жадында мәңгі бұл елдің,

Сақталады бәрі есте!

Автор.

Желтоқсанның ызғарлы да, өктім аязы барша әлемді шарпып жүргендей. Үскірік аяз жүректі мұзға айналдыруға құмартып қайта — қайта ысқырып соға берді. Бүгінгі күннің өзі маған бір хабар бергісі келгендей еңсемді ауыр зіл басты. Мән бермедім. Жатақханам мұз құрсауында қалып кеткендей еді. Аяз өрнек салған те­резеден солғын күннің сәулелеріне аздап кідіріп зер салдым да, оқуыма шығып кеттім. Ту сыртымнан әлде біреу қаһарлана төніп келе жатқандай, жүрегім алабыртып сала берді. Өз — өзіммен алпарысып келе жатқаным сол еді, курстастарымның және өзге де оқу о р ы н д а р ы н д а оқитын құрбы — бауырларымның Брежнев алаңына ағылып жатқанын б а й қ а д ы м . Алғашқыда жаңа жылдық мерекелік і с — ш а р а л а р ғ а дайындық деп ойладым. Алай­да, айналамдағы ж а н д а р д ы ң қабақтары қатулы, жүздері қаһарлы. Неде болса мән — жайды білуге менде алаңға асықтым. Алаң — студент жас- тар мен жұмысшыларға және сауатты басшыларға лық толы. Арғы беттен қоңыр дауыс:

«Бүгін 1986 жылдың 16 желтоқсаны және дәл осы уақытта қазақ халқымен біте қайнасып, ауыртпалығын бірге еңсерген Д.Қонаевты басшылық қызметінен бо­сатылып, орнына қазақ өлкесіне еш уақытта аяқ баспаған, сонымен қатар, үстемтап биліктің қанау саясатын жүргізу мақсатында Г.Колбиннің тағайындалғаны мәлімделді»,-деп сөзін бұрқылдаған ыстық жаспен аяқтады. Айналаға мұқият зер салдым, ойыма алғаш келгені қазақ жастарының намысшылдығы мен жұдырықтай бірлесе ұжымдасуы еді. Алай­да, көкірегімде бір ой пайда болды, бұл бірлесуді үстемшіл үкімет басқыншылық деп қабылдап, жазықсыз қыршын тағдыр мезгілінен ерте қиылмайды ма? деген бей­маза сауал жүрегімді расында мұзға айнал­дырды. Бойымдағы ар — намысыммен ке­лер күнге деген сенімім менің бұл алаңнан кетуіме жол бермеді. Бір қынжылатыным арамызда ерлермен араласып, қаракөз қарындастарымыз да бой көтеріпті. Бетін қайтарып тоқтатуға тырысқанымызбен тұла бойларындағы қазақ қыздарына тән өжет мінездері басу сөзге бағындырмады. Бастапқыда шамамен үш мыңдай толқын құраған жастар, кеш қарая жиырма бес мыңнан асарлық күшке айналды. Денелері үсіп жансыздана бастаған жастардың бет алысы басылудың орнына одан әрі өршіге берді. Қолдарында қарулары жоқ қазақ жас-тары Отанға деген шексіз адалдықтары мен болашаққа деген үміттерін қару тұтып, бейбіт келісіммен және қабылданған шешімге қатысты өз көзқарасымызды еркін, әрі еш бүкпесіз білдіруге тырыстық. Алайда, бұл бас- таманы алғаш көргеннен — ақ көтеріліс пен заңсыз бас көтеруге балаған Ресей қоғамы бізді өздернің аяусыз езгісінің құрбаны қылмаққа ұмтылды. Сол бағытта қол астындағы қолшоқпарларына қару асындырып, бізге құмырсқаша қаумалаған алаңға аттандырды. Ойымызда көтеріліс ұйымдастырып, заң бұзу мүлде болмады, тек өз хақымызды талап етпек болдық. Тұтқиылдан жабайы доңыздай бізге қарай ентелеп, арсиып келе жатқан сарылардың төбесі көріне бастады. Қолдарында асынған қаруларына деген сенімділіктері болмаса әскер сиқы жоқ. Олар әскерге жылдап уақытын өткізіп шыныққан соң нағыз сарбаз атанса, ауылдың әрбір қара домалақ баласы жастайынан қой бағып, күресті меңгерген. Арнайы әскерсіз-ақ әрбіреуінің тұла бойында қанмен дарыған беріктік байқалады. Сүйек лақтырылғандат а л а с а т ы н қорқаулардай жеке бастарының еркіндігі жоқ жазықсыз жан­дарды қырғанына мәз пенделер. Олар келісімен мән — жай­ды түсіндіріп, адами тұрғыда мәмілеге келмек ниетте едік. Сүйкімі қалмаған бейнелерімен бізге төне кетпесі бар ма, аздаған уақыт ішінде ж а п а т а р м а ғ а й төңкеріс басталып кетті. Денесінің үсіп, қан айналымдары тоқтаған жастардың жартысынан жуығы әлсіз соққының өзіне төтеп бере ал­май өмір қызығын өлім дәміне айырбастаған күйі жерде жаншылып қала берді. Қарулы қолмен арпалысып жатқанымда маған жігер берген: өзгеге еш уақытта қиянат қылмаған, мың өліп, мың тірілген қазақ мемлекетін қаншама жаудан керегесін сөкпей аман алып қалған бабамыздың ерлігін үлгі тұтып, 1731 жылдың 19 наурызынан бергі уақыттағыұлт тарихының жарқын жаққа өзеруіне үлес қосуға және қазақ ұрпағы ретіндегі міндеттерімізді еш мүлтіксіз орындамай беріле алмайтындығымыз жайындағы ой еді. Бір сәтке басымды жоғарыға көтере бергенімде, алқымынан тұншықтырылып жатқан, ар — намысы тапталып аяу­сыз тепкіленген және бұрымдарынан сүйрелгеннің әсерінен қолаң шаштары терілерінен ажыраған қазақ қыздарын көргенде тірі өлікке айналып сұлқ тұрып қалдым. Сол сәттен бастап ең әуелі ботакөз қазақ қыздарын қасық қаным қалғанша қорғап, өлім құшағында жандары мәңгі құрсанған тұтқын кегін алуға бекіндім. Бар ашу — ызаммен қыздың етегінен сүйрелеген арсыздың артынан аңдатпай келіп құлақ шекесінен бірді қойғанымда екпетінен түсіп қолындағы қаруының қайда қалғанын аңдамай да қалды, сол уақытты пайдаланып, лезде мұз үстіндегі жаман­ды ала жөнеліп маған атылған кеудемсоқты қалай атып өлтіргенімді аңдамай қалдым. Алғаш рет… алғаш рет адам өлтіріп қолымды қанға былғадым. Демім үзіліп кеткендей құлағым шыңылдап есімді қара бас- ты. Оқ дыбысы­нан назарларын маған аударған сарылар есімді тез жиюымның себепкерлері. Бой­ым оқ дыбысынан үйренгендей, көз алдыма қорланған қ а р ы н д а с т а р ы м елестей берді, ашуға булыққан тәнім денеме әмірлік етіп маған беттеген үшеуінің а л д ы ң ғ ы с ы н ы ң өмірін көз ал­дымда күйреттім, жабыла берген жойқын соққылар алғашында бойыма дарығанымен жүрек күші еңсере алған- ды. Қалғандары өз өмірлерімен алпарысқанда, мен темір таяқтармен а й қ а с т ы м . Көтеріліс екпініәлсірей бастағанда бой тасалап аман қалған бауырларымды іздеуге кірістім. Сол уақытымды пайдаланып, болашаққа хат қалдырмаққа бекіндім. Қапыда орын алған көтерілісте ең әуелі соққыға жығылып, ауыр соққылардың әсерінен тіл тартпай кеткен, денелері тап­талып жаншылған қазақ қыздары үшін және сан ғасырлар қазақты құрсауына шырмап, жазықсыз халықты қанай отырып езгіге салған, өз мәдениетіміз бен тарихымызды ұмыттыруға тырысқандарды орнына келтіру мақсатында. Мен — Қайрат Рұсқылбеков және өзге көтерісшілер тарапынан үндеу жасаймын. Бұл бастамалар нәтижесінде Қазақ қоғамында тәуелсіздік туы желбірей ме, әлде отаршылдар өз мақсаттарына жете ме белгісіз. Бірақ мен мың өліп, мың тірілген қазақтың айы оңынан туарына сенімдімін. Осында болған бар адамның арманы егеменді ел келбетін көру, әділдіксезіну. Тіпті тәуелсіздік алған күнде біз оны тамашалай ала­мыз ба… ол да беймәлім. Алай­да, ол күнді сен­дерге табыстай­мыз Жас ұрпақ. Тәуелсіздік қандай жолмен келсе, сондай күшпен сақтап қалыңдар. Қазақ жаста­ры жасқануды білмейтін, Отан үшін жан қияр, нағыз батыр елдің ұрпақтары және әрқашан әділдікті жақтар намыс­шыл! Тарихы­мыз бен ұлттық мұрамызды қанша жерден күйреткісі келгенімен түп та­мырымен ешкім жоя алмаған. Біздің рух ешқашан дамыл таппас, төгілген қан ақталмас, егер сол мұраны өз қолдарымен т а л қ а н д а п , ұлтынан без­ген ұрпақ тәрбиеленсе. 16 желтоқсан тарих­та қаншалықты жойқын да, ауыр ізбен қалғанымен келешек ұрпаққа еркін өмір мен жаңа тыныс сый­ласа, жасаған әр әрекетім үшін ешқашан өкінбеймін.

Мұң шерімқалған жерімді,

Еркіндік күнін аңсап,

Еңіреп қалған елімді

Уату мақсатпен

Өз қолыммен қаздым көрімді.

Тұлғасы биік жастарым ешқашан Отанға қиянат қылмаңдар, қанша жер­ден қимастық болғанымен бұл елді сен­дерге аманаттадық. Аманатқа қиянат етпегейсіңдер. Өмірімізді сендердің тағдырларың мен болашақтарыңа айырбастамақпыз. Ел басшысы сайла­нарда елінің қасіретін жан тәнімен сезініп, мұңын бөлісетін әділетті ердің қазақ жас- тары арасынан боларына күмәнім жоқ. Мүмкін жарқын өмірді бірге көрерміз не­месе ол көріністі басқа әлемнен тамаша­лап, еңбектің ақталғанына риза боламыз. Қош бол, жас ұрпақ. Мен сендерге сенемін.

Тәуелсіздік — бұл түсінікті әр адам әр түрлі қабылдайды және сезінеді, бағалауы да сан алуан. Себебі, әр елдің тәуелсіздік жолындағы құрбандықтары мен тарихы мүлдем бөлек. Сондықтан да бұл ұғымды естігенде орын алатын эмоциалар сол ұлттың тәуелсіздік жолын аңғартады. Қазақ қоғамы бұл тараптан ұлан — асыр тойлататып, ағынан жарылатынын немесе тағдырлары қыршыннан қиылып, арттары­нан ізбасарлары да қалмаған жастардың аяусыз өлімін жоқтарын білмей қалып жатады. Менің ойымша, қазақ халқының басынан нелер өтіп, не көшпеді, ендігі Тәуелсіздікті тізгіндедік-ау дегенде ай­наламызда орын алып жатқан шешілуі қиын (жемқорлық, ана тілдің ұмытылуы, әділ басшылардың азаюы) мәселелер мен ұрпақ түсінігінің шатасуы нәтижесінде егемендіктің қадір — қасиетін жоғалтуда. Қолда бар байлығымыздың қаншалықты ауыр да азаппен келгенін біле тұра өз жеке басымыз үшін тарихты ұмыта ба­стауымыз міне, осы қайғырып, бармақ тістеуге тұрарлық. Ал, Тәуелсіздікті әрқашан еске алып, барға қанағат ете отырып, аға — әпкелеріміз аманаттаған күнге қиянат етпей, елдің көркейіп одан әрі дамыту мақсатында күш біріктіріп, желтоқсаншылар сенімін ақтасақ батыр­лар рухына жасаған ең үлкен тағзым осы. Өмірлері тоқтағанмен қалдырған іздері, шам — шырақтары ешқашан сөнбейді. Аманатқа қиянат етпей, ер сенімін ақтар ел болсақ, бағындырар белестер әлі алда! Оны одан әрі көркейту — біздің міндет. Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!

Аяжан ТІЛЕКТЕС,

Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп – гимназиясының 11-сынып оқушысы.

Мәліметпен бөлісу: