
Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «Әскер қатарында заң мен тәртіптің сақталуы – айырықша маңызды міндет. Жастар әскерге Отан алдындағы борышын өтеуге барады. Жас сарбаздарымыз өз міндетін алаңсыз орындауы үшін әскер қатарында, ең алдымен, темірдей тәртіп болуға тиіс. Қарулы күштер мен басқа да күштік құрылымдар осы талапты мүлтіксіз орындауы қажет. Әр ата-ана әскерге кеткен баласын мемлекетке сеніп тапсырады. Сондықтан сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне, ең алдымен, армия басшылығы және құқық қорғау мекемелерінің басшылары жауапты»,–деп ашып айтты.
Иә, қазақстанның 18 жасқа толған әр азаматы әскерге бару, Отал алдындағы борышын өтеуге міндетті. Алайда, жас сарбаздар әскери міндеттен қашып, көп ата – аналар балаларын осы міндеттен алып қалу үшін көп әрекеттерге барып жатады. Әскери міндеттен қазіргі таңда қорқудың қажеті жоқ. Жас сарбаздарға бүгінде көп мүмкіндіктер қарастырылған. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа жол бергенше Оиан алдындағы борышын абыроймен атқарып келгені абзал. Оған Президентіміздің Жолдауында айтқан жоғарыдағы сөздері дәлел.
Жемқорлық өте қауіпті жағымсыз әлеументтік көріністер болып табылады. Жемқорлықпен күрестің басты бағыттарының бірі – оның алдын алу, яғни, оның себептері мен шарттарына ықпал жасау болуы керектігін ескерген жөн. Әрбір мемлекеттік қызметкердің жеке жауапкершілкте болуы, сыбайлас жемқорлықтың себебіне талдау жасап отыру, мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне мониторинг жүргізу, мемлекеттік қызмет көрсетудің ашықтылығы мен қолжетімдігін қамтамасыз ету, қызмет алушыға мейілінше жағдай жасау, сенім телефоны, хаттар мен жеке заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау жәшігін жабдықтау аудандық қорғаныс бөлімінің негізгі жоспарлы жұмысы.
Себебі, Отанды қорғау – ол бізден басталады. Қорғаныс бөлімінде жемқорлыққа жол берілсе – Отанға қауіп төнді деген сөз. Сондықтан қызмет көрсетуші мамандар арасында сыбайлас жемқорлықтың тәуекел дәрежесіне ішкі бақылау жүргізілуде.
Д.КИРГАБАКОВ,
Ақсу ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, майор.