СИЫР ЖЫЛЫНЫҢ СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҒЫ БАС АҚЫН МЕН ЖАС АҚЫННЫҢ СҰХБАТЫ

Ақсу ауданына Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай, үлкен жақсы атақ — абы­рой келді. Ауданымыздың айты­скер, бас ақыны Мәкейтанушы Атамбаев Бекболат ағамыз Нұр-Сұлтан қаласында Министрлікте Қазақстанның Құрметті атағын алып, ертесінде 13 қарашада Нұр-Сұлтан қаласындағы Достық үйінде Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық медалімен марапаттал­ды. Осымен қатар, «Құрмет Гра­мотасы», I дәрежелі диплом қоса табысталды. Атамбаев Бекбо­лат ағамыздың өмірбаянымен, еңбектері, жетістіктерімен эн­циклопедиясына жазылды. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық ме­рейтойына орай, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласын қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында өткен, 10 жылда бір рет берілетін Қазақстан Республикасының «Құрметті азаматы» байқауына еліміздің түкпір – түкпірінен 600-дей адам қатысып, солардың ішінен 120 адамның жетістіктері мен табыстары іріктеліп алынды. Солардың бірі болып Ақсулық ақын азаматымыз Атамбаев Бек­болат марапатталды. Өзімен сұхбаттасқанымызда Бекбо­лат ағамыздың жүзінен қуаныш көрініп тұрды. Нұр-Сұлтан қаласындағы мәжіліс залында хабарлаушы Алматы, Ақсу ауда­ны деп хабарлағанда өте ерекше қуанышты сезімде болдым,-деді риза болып. Ақсу ауданымыздың атағын Республика көлемінде шығарып келгеніне үлкен рахмет айтқым келеді.

Осыдан 2-3 жыл бұрын ҚР-на еңбегі сіңген Мәкей Еркінбековті 70 жылдан кейін 1 жыл зерт­теп, архивті ақтарып, жарыққа шығарған еді. Сол қасиетті адамның аруағы да шапағатшы болған шығар. Ақсудан шыққан академик Жүрімбек Сыдықов атамыздың 97 жасында ақ бата­сында алған еді. Сол атамыздың батасы қабыл болған шығар.

Кезінде Бекболат ақын ауданның, тіпті облыстың на­мысы үшін Республикалық ай­тыстарда ел намысын қорғап, талай мәрте жүлдемен оралған еді. Ол кездегі айтыстың ережесі сондай қазіргідей қалжыңдап бір — біріне тиіспейді, ақын арқылы сол ауданның, сол елдің кемшіліктерін ашып, бетіне ба­сып, айтысатын. Сол арқылы кемшіліктер түзетілетін. Сол кезде өз ауданының намысын дұрыстап қорғай алмаса ақынға сын, ақынға ғана емес бүкіл елге сын болатын. «Сын түзелмей, мін түзелмейді», «Ақын келсе, әкімдер дір етеді»,- деген сөздер сол кездерде көп айтылатын. Бекболат ағамыздан Ақсу ауданымыздың «Құрметті азаматы» атағын алдыңыз ба? – деп сұрағанда, Ақсу ауданының бас ақыны:

Періште жолдан таяр алтын көрген…

Сен менің сұрағайсың даңқымды елден.

Республика жүлдегері боп келгенде,

Кезінде ол атақты халқым берген. Бүгінде сол еңбегімді Республикадағы мемлекет бас­шылары бағалады, соғанда ри­замын,–деп күліп жүріп кетті. Бекболат аға Ақсудың атағын Республика көлеміне шығарып келгеніңізге көп рахмет.

Тәуелсіздіктің 30 жылдық медалін Ақсулықтардан бұрын Нұр-Сұлтан қаласында Министрліктен алып келгеніңізге дән ризамыз. Әлі де еңбегіңіз жана берсін.

Ербол СЫМХАНОВ.

Мәліметпен бөлісу: