Электоралды науқанда өңір тұрғындары «NurOtan» партиясына сенім білдірді. Нақты істердің партиясы сайлаушылардың 72,41 пайыз дауысына ие болды.
Біздің ауданымыздағы штаб мүшелері мен үміткерлер аудан орталығынан бастап, шалғайдағы ауылдарға дейін үгіт — насихаттық бағытта бір талай шара жүргізді. Шаралар барлық ауданымыздағы сайлаушыларды қамтыды. Үміткерлер мен сенімді өкілдер, белсенді жастар бұл науқанда әр үйді аралап, партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, қоғамдық қабылдауда азаматтардан түскен өтініштерді қарады. Сөйтіп, сайлаушылардың үлкен сеніміне ие болды.
Осындай жұмыстың нәтижесін тағы бір игі шарада көрдік. Еңбегі еленген партияның штаб мүшелері Елбасы, партия Төрағасы Н.Назарбаевтың «Алғыс хатымен» марапатталды. Сайлауалды штаб мүшелерінің атқарған еңбегі өте зор. Маңдай тер мен табан ақының ақталғаны — ол әрбір сайлаушының «NurOtan» партиясына берген дауысы екені сөзсіз.
Жангүл ЕРБОЛАТҚЫЗЫ, «NurOtan» партиясы аудандық филиалының эксперті.