«Шекараны бүкіл халық қорғайды» қағидасының мәні мен маңызын әсіресе еліміздің қасиетті шекарасының бойында тіршілік кешіп жатқан жергілікті халық жақсы біледі. Сосын да тау ішінде немесе жазыз даланың төсінде бейсауат жүрген адамды байқап қалса бірден шекарашыларға хабар беруді бұлжымас дәстүрге айналдырған.
Тәуелсіз Қазақстанның шекарасын кірпік қақпай күзетіп жүрген шекарашылар мектептерде тұрақты жұмыс істейтін «Шекарашының жас досы» үйірмесінің мүшелері үшін бүгінгі күннің батырлары іспетті. Отан қорғаушыларға қарап бой түзеуге, шекарашылар секілді қырағы болуға талпынып тұрады. Сонымен қатар жергілікті тұрғындар мен шекарашылар бауырмал, аралас-құралас. Шекара бөлімшелері тұрған ауылдарда шекарашыларға көмек етіп, қол ұшін беру үшін құрылған ерікті жасақшылар тобы бар.
…ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасы мен шекара аймағындағы тұрғындардың арасында өзара тығыз қарым-қатынас орнаған. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасының аумағын қорғауға азаматтарды тарту Ережесін бекіту туралы» Қаулысын іске асыру үшін ауқымды жұмыстар қолға алынған. Атап айтар болсақ, осы мақсатта құрылған ерікті жасақшылар шекарашылармен бірлесіп, түрлі алдын алу шараларына белсене атсалысып келеді. Шекара бұзушыларды іздеуге тигізетін көмектері де ересен.
Сөзіміздің нақты дәлелі, 2020 жылдың ішінде жергілікті тұрғындар мен ерікті жасақшылардың көмегімен, 20-дан астам мемлекеттік шекара режімін бұзушы құрықталды. Бұл – әсіресе ел шебінің бойынша мал немесе егін шарушалығымен айналысатын жергілікті тұрғындар үшін «Шекараны бүкіл халық қорғайды» қағидасының өміршең екендігін, сондай-ақ Шекара қызметіне жүктелген міндетке терең түсіністікпен қарайтынын білдіреді.
Десекте, Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының басшылығы шекара аймағының әрбір тұрғынын Мемлекеттік шекара күзетін қамтамасыз ету ісіне жауапкершілікпен қарап, қырағылық танытуға шақырады. Күдікті тұлғаны байқаған бойда бұл туралы аталған шекара басқармасының өңірдегі бөлімшелеріне хабарлауын сұраймыз: «Арасан» 8-72832-5-22-72, «Екіаша» 8-72839-5-42-54, «Басқан» 8-72839-5-42-58, «Лепсі» 8-72833-5-00-77, «Үйгентас» 8-72833-5-01-25, «Достық» 8-72833-3-13-39, «Сарыбөктер» 8-777-595-20-35, «Жетісу» 8-777-025-37-58, «Айдала» 8-775-865-00-54, «Жалаңашкөл» 8-702-539-52-92 немесе 8-72833-6-00-07 сенім телефонына.
Отанымыздың қауіпсіздігі оның қасиетті шекарасынан басталады.
ҰҚК ШҚ Жетісу облысы бойынша департаментінің
Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасы.