
Талдықорған қаласында діни бірлестіктер мен мешіт қызметкерлері және жамағат сенбі күнін игі іске арнап, ағаш отырғызуға белсене қатысты. Шараға Жетісу облысы әкімінің орынбасары Диас Есдаулетов пен облыстық дін істері басқармасының басшысы Сағыныш Жаңабай арнайы қатысып, қолдау білдірді.
Дін өкілдері әрқашан жамағатты ізгілікке, сауапты істерге үндеп келеді. Шариғатта қоршаған ортаға қамқорлық жасау – Алланың разылығына жеткізетін істердің бірі ретінде айтылады. Осы жолы да бірлікпен әрекет еткен мешіт қызметкерлері мен жамағат ағаш көшеттерін отырғызып, мешіт айналасын жасыл желекке бөледі.
— Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Қандай да бір мұсылман ағаш отырғызса немесе егін ексе, оның өнімін адамдар мен жануарлар, жәндіктер мен құстар жесе – ол үшін садақа болып есептеледі» деген хадисі бар. Міне, бүгін осы өсиетті орындап жатқан ағайынға Алла сауаптан жазсын, — деді Мұхамед Өрдебай имам.
Ришад Тұрғанбай