Серпінді жаңашылдықтар көптеп қолға алынуда

Жаңа Қазақстанды құру жолында серпінді жаңашылдықтар көптеп қолға алынуда. Бүгінгі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында  көптің көкейінде жүрген түйткілді мәселелер көтеріліп, барлық сала бойынша тың бастамалар айтылды.

Еліміздегі биліктің негізгі институттарына (Президент, Парламент Мәжілісі, барлық деңгейдегі мәслихаттар) қатысты кезектен тыс өтетін сайлаудың уақытын алдын ала хабарлау  – ел тарихындағы тағы бір жаңашылдық. 

Бүгін Президент өзінің «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында  биліктің жария саясат ұстанып отырғанын көрсетіп, елдегі өтетін сайлаулардың уақытын ашық айтты. Еліміздегі жыл басынан бері жүргізіліп жатқан  реформалардың қарқынын бәсеңдетіп алмай, жұмысты өз деңгейінде жалғастыра беруіміз керек.

Бейбіт Сүлейменов,

 аудандық мәсихат хатшысы,  аудандық мәслихат депутаты.

Мәліметпен бөлісу: