Сенаттағы президенттік квота қысқарады, мәжілісте қха депутаттары болмайды

Мемлекет басшысы Сенатты жасақтау тәртібін және оның бірқатар функциясын қайта қарауды ұсынды. Бұған дейін жоғарғы палата 49 депутаттан, яғни әр өңірден екі сенатор сайланып, 15 сенаторды Президент тағайындайтын. Тоқаев мұндай құрылым аймақтардың ерекшелігін ескеруге, заң шығару үдерісіне Мемлекет басшысының тікелей ықпал етуіне мүмкіндік бергенін, алайда қазір оны өзгерту керегін айтты. Оның сөзінше, Президенттің Сенаттағы квотасын бақылаудың құралы емес, керісінше, Парламентте өкілдері аз әлеуметтік топтардың ой-пікірін ескеретін тетік ретінде қарастыру керек. Осыған байланысты, Президенттің Сенаттағы квотасы 15-тен 10 депутатқа дейін азайтылды, оның бесеуін ҚХА ұсына алады.

Сонымен бірге ҚХА-ның Мәжілістегі квотасы жойылды. Бұл квота Сенатқа ауысты және ол 9-дан 5 депутатқа дейін кемиді. Бұл түрлі этностық топтарға мандат беріп, олардың үні жоғарғы палатада естілуіне мүмкіндік бермек.

Мәліметпен бөлісу: