
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз жолдауында еліміздегі 1300 мектепке күрделі жөндеу жүргізу қажеттігін атап айтқан болатын.
Осы орайда Ақсу ауданындағы білім беру мекемелері назардан тыс қалмай, бұл бағытта біршама жұмыстар атқарылып келеді.
Ауданымызда 44 білім беру мекемесі, оның ішінде 33 жалпы білім беретін мектеп, 6 мемлекеттік, 1 жекеменшік балабақша, 2 қосымша білім беру мекемесі және 2 колледж бар. Білім беру ұйымдарында орын тапшылығы жоқ.
2024 жылы Көшкентал ауылында 75 орынды шағын орталығы бар 180 орынды мектеп жаңадан салынып қолданысқа берілді. Сонымен қатар 1977 жылы салынған жобалық қуаттылығы 844 орынды құрайтын Жансүгіров ауылындағы Ж.Сыдықов атындағы орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2025 жылы Көлтабан ауылында 25 орынды шағын орталығы бар 120 орынды мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. 1967 жылы салынған жобалық қуаттылығы 1200 орынды құрайтын Жансүгіров ауылындағы Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп-гимназиясының ғимаратына ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
2026 жылы Арасан ауылындағы Б.Сырттанов атындағы орта мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда.
Мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында 2023 жылы 7 мектепке, 2024 жылы 4 мектепке жаңа модификациялық кабинеттер орнатылды. 2025 жылы 7 пәндік кабинеттер алынады деп жоспарлануда.