Саламатты адамдардың қуатты ұлты

Елбасымыз «Нұр Отан» партиясының төрағасы Н.Назарбаев жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауларында Медицина саласын айналып өтпейді. «Нұр Отан» партиясының 2019 жылғы 27 ақпандағы кезекті XVIII Съезінде қабылданған «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» атты  «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасында да медицина саласына кеңінен тоқталған. 10 мақсаттың 3  — ші мақсаты «Саламатты адамдардың қуатты ұлты» деп аталады. Қандай сала болмасын «Нұр Отан» партиясының алар орны ерекше. Мен өзімде партияның белсенді мүшесі, кадрлық резервке қатысушымын. Партия стратегиялық бағдарламалар мен заңдарды әзірлеп, іске асыруға, жалпыұлттық күн тәртібін айқындауға белсене қатысады. Көп жұмыс жасалды, алда одан да көп істі атқаруымыз керек. Бүгінде Қазақстан дамудың аса маңызды кезеңінде тұр. «Нұр Отан» партиясының көшбасшылығының арқасында Қазақстан Үшінші жаңғыру міндеттерін табыспен жүзеге асыратынына және елдің әр азаматының мүддесі үшін бәріміз бірге Бақуатты қоғамды құратынымызға сенімдімін – деді партия төрағасы. 

Сондай – ақ,  «Нұр Отан» партиясы қазақстандық медицина әлемдегі ең жоғары стандарттарға сәйкес болуын және қазақстандықтардың денсаулық сақтау саласындағы үздік практикаларға бірдей қол жеткізуін қамтамасыз етуді жақтайтынын айтты.

Біз медициналық практикаға және халықтың денсаулығын басқаруға прогрессивті технологияны қарқынды енгізетін боламыз. Цифрландыру және жеке адамға бағытталған медицина, алдын алу практикасына көшу медициналық көмектің сапасын, қолжетімділігі мен тиімділігін арттыруға тиіс – деді. Отандық медицинаға үздік мамандарды тарту керектігін айтып, Азаматтарға жоғары санатты медициналық қызметтер көрсету үшін үздік кадрлар қажет. Оларды денсаулық сақтау жүйесіне жоғары еңбекақы мен тиісті жұмыс жағдайлары арқылы тартуға болады. Бұл үшін біз:

Мемлекеттік және жеке меншік медициналық мекеме-лердің қызметкерлерінің еңбекақы деңгейін арттыруға ұмтыламыз. Еңбекақы мөлшері қазақстандық медиктердің лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуге тиіс, – деді.

Денсаулық сақтау ісінің инфрақұрылымын дамыту. Салауатты ұлт қалыптастыру мәселелеріне де кеңінен тоқтады.

Біздің аудандық орталық ауруханамызда да үздік мамандар қызмет етіп, аудан тұрғындарының денсаулығының сақшысы болып келе жатыр. Кейінгі кезде заманға сай жаңа технологиялармен жұмыс жүргізіп жатырмыз. Елбасының бағдарламасын аудандағы барлық медицина қызметкерлері қолдаймыз.

Айбек Алтайбекұлы,

хирург, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, кадрлық резервке қатысушы.

Мәліметпен бөлісу: