Бүгін ҚР Президенттігіне Халықтық коалициядан ұсынылған үміткер Қ.Тоқаевтың Ақсу аудандық қоғамдық штаб мүшелері Ғ.Мұсабаланов, Б.Сүлейменов, Р.Тұрсынов, Қ.Абдрахманов ЖШС «Ақсу қант» зауытының ұжымымен кездесу өткізді.
Шараға қатысушылар Қ.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасына сайеліміздің басым саясаты – «Қуатты өңірлер – қуатты ел» қағидасы болып қала беретінін жеткізді. Сонымен қатар жастың да, кәрінің де бас ауруына айналған баспана мәселесі де түбегейлі шешіледі. Ол үшін еліміздің түкпір-түкпірінде алдағы 7 жылда 111 млн. шаршы метр тұрғын үйпайдалануға берілмек. Сайлауалды бағдарламада үлескерлерді тығырыққа тіреген даулы үйлердің де жайы шешімсіз болмайды.
— Қ.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасына сәйкес Әділетті Қазақстанда заң талаптарын сақтайтын кез — келген шағын, орта және ірі бизнеске лайықты жағдайжасалады. Бизнестің бәсекеге қабілетін арттыруға кедергі келтіретін нәрсенің бәрі жойылады.
Сонымен қатар құнды активтерді жекешелендіру қатаң бақылау арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ, бағдарламада жастар саясаты да басты назарға алынған. Елімізде рухы азат, көзі ашық, көкірегі ояу ұрпақ өсіп келе жатыр. Олар халқымыздың болашағы жарқын болуына өз үлесін қосуға ұмтылады. Ең бастысы, жас ұрпақ елдік істерге белсене қатысуға дайын. Қ.Тоқаев жастардың өсіп-өркендеуі үшін бәріне бірдейәлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктер ұсынып отыр. Ол үшін жастар саясатын түбегейлі қайта қаралады. Жалпы, сайлауалды бағдарлама бақуатты Қазақстанға бастайтын жолдама болып тұр. — деді Б.Сүлейменов.
Халыққа қызмет көрсету орталығында өткен жиында штаб мүшелері Қасым-Жомарт Кемелұлының Әділетті Қазақстан құру бағытындағы барша реформалары қазақстандықтардың дәйекті дамуына үлкен серпін беріп, көңілдеріне сенім ұялатып отырғанын айтып, үміткердің кандидатурасын қолдауға шақырды.
Еламан МАРАТҰЛЫ,
аудандық партия филиалының консультанты.