САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА – БАҚУАТТЫ ҚАЗАҚСТАНҒА БАСТАЙТЫН ЖОЛДАМА

Бүгін ҚР Президенттігіне Халықтық коа­лициядан ұсынылған үміткер Қ.Тоқаевтың Ақсу аудандық қоғамдық штаб мүшелері Ғ.Мұсабаланов, Б.Сүлейменов, Р.Тұрсынов, Қ.Абдрахманов Халыққа қызмет көрсету орталығында экспромт кездесу өткізді.

Шараға қатысушылар Қ.Тоқаевтың сай­лауалды бағдарламасына сай еліміздің басым саясаты – «Қуатты өңірлер – қуатты ел» қағидасы болып қала беретінін жеткізді. Сонымен қатар, жастың да, кәрінің де бас ауруына айналған баспа­на мәселесі де түбегейлі шешіледі. Ол үшін еліміздің түкпір-түкпірінде алдағы 7 жылда 111 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек. Сайлауалды бағдарламада үлескерлерді тығырыққа тіреген даулы үйлердің де жайы шешімсіз болмайды.

— Қ.Тоқаевтың сайлауалды бағдар-ламасына сәйкес Әділетті Қазақстанда заң талаптарын сақтайтын кез — келген шағын, орта және ірі бизнеске лайықты жағдай жасалады. Бизнестің бәсекеге қабілетін арттыруға кедергі келтіретін нәрсенің бәрі жойылады. Сонымен қатар, құнды активтерді жекешелендіру қатаң бақылау арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ, бағдарламада жастар саяса­ты да басты назарға алынған. Елімізде рухы азат, көзі ашық, көкірегі ояу ұрпақ өсіп келе жатыр. Олар халқымыздың болашағы жарқын болуына өз үлесін қосуға ұмтылады. Ең бастысы, жас ұрпақ елдік істерге белсене қатысуға дайын. Қ.Тоқаев жастардың өсіп-өркендеуі үшін бәріне бірдей әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктер ұсынып отыр. Ол үшін жас-тар саясатын түбегейлі қайта қаралады. Жалпы, сайлауалды бағдарлама бақуатты Қазақстанға бастайтын жолда­ма болып тұр. — деді Б.Сүлейменов.

Халыққа қызмет көрсету орталығында өткен жиында штаб мүшелері Қасым-Жомарт Кемелұлының Әділетті Қазақстан құру бағытындағы барша реформалары қазақстандықтардың дәйекті дамуына үлкен серпін беріп, көңілдеріне сенім ұялатып отырғанын айтып, түсіндірме жұмысын жүргізді.

Мәліметпен бөлісу: