САЙЛАУ ТУРАЛЫ БІЛГЕН АРТЫҚ ЕМЕС

Құрылтай депутаттарының сайлауы – заң талаптарына сәйкес ұйымдастырылатын маңызды қоғамдық-саяси науқан. Оның ашық әрі әділ өтуі тек сайлауды ұйымдастырушы органдардың жұмысына ғана емес, азаматтардың сайлау тәртібі туралы дұрыс ақпараттандырылуына да байланысты.
Әрбір сайлаушы ең алдымен сайлауға қатысты ресми ақпараттарды қадағалап отырғаны жөн. Дауыс беру күні, сайлау учаскесінің орналасқан жері, дауыс беру тәртібі және өзге де маңызды мәліметтер алдын ала ресми түрде жарияланады. Бұл ақпараттармен дер кезінде танысу азаматтардың өз сайлау құқығын еш қиындықсыз жүзеге асыруына мүмкіндік береді.
Сайлау кезінде әрбір азаматтың құқығы заңмен қорғалады. Әрбір сайлаушы өз таңдауын еркін жасауға, дауыс беру құпиясының сақталуына және заң талаптарына сәйкес дауыс беруге толық құқылы. Ешкім азаматтың еркін таңдау жасауына кедергі келтірмеуі тиіс.
Сонымен бірге сайлаушылардың өз міндеттері де бар. Олар дауыс беру барысында белгіленген тәртіпті сақтап, сайлау комиссиясының заңды талаптарын орындауы және қоғамдық тәртіпке құрметпен қарауы қажет. Бұл сайлау процесінің ұйымдасқан әрі заң талаптарына сай өтуіне ықпал етеді.
Қазіргі таңда ақпарат кеңістігінде түрлі мәліметтер жиі таралады. Сондықтан сайлауға қатысты ақпараттарды тек ресми ақпарат көздерінен алған дұрыс. Расталмаған мәліметтерге сүйену азаматтарды жаңылыстыруы мүмкін. Ал ресми ақпарат азаматтарға нақты әрі дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.
Құрылтай депутаттарының сайлауы – азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуының маңызды тетігі. Сайлау туралы жеткілікті мәліметке ие болған азамат өз құқығын сенімді түрде пайдаланып, сайлау процесіне белсенді қатыса алады.
Ел ішінде «Білген адам жаңылмас» деген нақыл сөз бар. Шынында да, сайлау туралы толық әрі дұрыс ақпаратқа ие болу – әрбір азаматтың саналы таңдау жасауына және қоғамдық жауапкершілігін лайықты атқаруына мүмкіндік береді.

Мәліметпен бөлісу: