“Сақ бол!” акциясы

19 ақпан күні Ақсу ауданы, Жансүгір ауылында “Ақсу ауданы жастар ресурстық орталығы” жəне аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен, “Жалын” студенттік жасағының қатысуымен аудан көлемінде төтенше жағдайлардың алдын алу,  төтенше жағдайлар орын алған кезде қандай іс әрекеттер қолдануды түсіндіру, өрт, су қаупін азайту мақсатында “Сақ бол!” акциясы өтті. 

Шара барысында “Ақсу ауданы жастар ресурстық орталығының” маманыдары жəне Ақсу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, “Жалын” студенттік жасағы аудан тұрғындары арасында түсіндірмелік жұмыстарын жүргізіп, брашюралар таратты.

Ақсу ауданының жастар ресурстық орталығы.

Мәліметпен бөлісу: