Құс фабрикасы мен сатып алушылар арасындағы сатылас келісім

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облыс бойынша департаменті (Департамент) Жетісу облысының географиялық шекараларында тауық жұмыртқаларын көтерме сату нарығында талдау жүргізді.
Талдау жүргізу барысында құс фабрикасы «Когер ЛТД» ЖШС (Серіктестік) мен сатып алушылар арасында тауық өнімдерін сатып алуға жасалған келісім шарттар қаралып, нәтижесінде Серіктестік пен сатып алушылар әрекеттерінде Қазақстан Республикасы бәсекелестікті қорғау заңнамасының бұзу белгілері байқалды.
Атап айтқанда, аталаған келісім шартта кезде Серіктестік сатып алушыларға «басқа өндірушінің ұқсас өнімін бір мезгілде сатпау» міндетін жүктеген. Өз кезегінде сатып алушылар аталған міндеттемені қабылдап, Серіктестікпен келісім шартқа отырған.
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 169 бабының 2 тармағының 2 тармақшасына сәйкес, Нарық субъектiлерi арасындағы сатылас келiсiмдерге, егер: мұндай келiсiмде сатушының бәсекелесi болып табылатын нарық субъектiсiнiң тауарын сатып алушының (тапсырыс берушінің) сатпау мiндеттемесi көзделсе, тыйым салынады.
Осылайша Серіктестік пен сатып алушылардың іс-әрекеттерінде сатылас келісім белгілері орын алған.
Жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша Департамент Серіктестікке және онымен келісім шарттар жасасқан сатып алушыларға («Оразбаев К.К.» ЖК, «Маар Ольга Александровна» ЖК және «Оразов Сергали Альдибекович» ЖК) қатысты, әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің болуы туралы хабарламалар шығарды.
Хабарламалар келісім шарттарды қайта жасау жолымен орындалды.

Мәліметпен бөлісу: