Құрылыс қарқыны артуда

«Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша Жансүгіров ауылындағы су құбыры желілерін күрделі жөндеуге 145,0 млн.теңге бөлініп, жобаға сәйкес 7,5 км құбыр ауыстырылды.


Еңбек ауылының сумен жабдықтау жүйесіне құрылысы жұмыстар жүргізілді.
Арасан ауылындағы сумен жабдықтау жүйесін қайта құру және салу жұмыстарына 274,6 млн. теңге бөлінді. Биыл жұмыстары жалғасады.
І.Жансүгіров ауылында салынатын 30 арендалық тұрғын үйлердің және олардың инженерлік-коммункациялық желілер құрылысына 2020 жылы 395 млн тенге қаражат бөлініп, қәзіргі уақытта құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жалпы соммасы 861 млн. тенге.
Жансүгіров ауылында салынатын 50 пәтерлі тұрғын үй құрылысы және оның инженерлік-коммуникациялық желілерінің құрылысына жобалық сметалық құжаттама 10,2 млн. теңгеге дайындалып, 852 млн.теңгеге сұраныс берілді.


2019 жылы Жансүгіров ауылы, Қабанбай-батыр көшесінің бойынан аппатты жағдайда деп танылып, үш екі қабатты тұрғын үйлер бұзылған болатын. Биыл инвесторлар арқылы 48 пәтерлі тұрғын үйлер салынатын болады, аталмыш үйлерді сатып алуға бюджеттен 500 млн. тенге қаражат бөлініп отыр.
Биылғы жылы төмендегідей құрылыс жұмыстары атқарылатын болады:
Жансүгіров ауылының арық желісінің құрылысына 500,0млн. теңге қаражат бөлінді. Б.Сырттанов, Н.Есеболатов, Жаңалық, Ақсу, Кеңжыра ауылдарына көше шамдарын орнатуға 68,0 млн. теңге қаражат бөлінді.


Аудан орталығы І.Жансігіров ауылының Сүлейменов көшесінің аула алаңдарына ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін биыл аудандық бюджеттен 72 млн.теңге бөлініп, аталған жұмыстар көктем айларынан бастап жүргізіледі.


Ауылдық елді-мекендерде воркаут алаңдарын салуға 508 млн теңге қаржы бөлінді.
Осы жылы Б.Сырттанов ауылдық округінде 83 млн теңгеге 5 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі. І.Жансүгіров ауылында 64 млн теңгеге Маманұлы көшесі жөнделеді. Н.Есеболатов — Қызылқайың ауылдарының арасындағы жол жөндеу жұмыстарын бастауға 105 млн.теңге, Тарас ауылының кірме жолын жөндеу жұмыстарына 50 млн теңге қаражат бөлінді.

Ақсу ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Мәліметпен бөлісу: