Рухани жаңғыру — өскелең ұрпақтың дара жолы

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы  халықтан қызу қолдау тапқан кешегі тұғырнамасы биік ширек ғасырды артқа тастаған Тәуелсіз Қазақстанның жаһандану дәуіріндегі рухани кеңістігіміздің жаңа бастауы аяқ  басқан кезең. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған, сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы маңызды құжат. Елбасымыздың салиқалы саясаттарының бірі де бірегейі – руxани жаңғыру,  яғни болашаққа бағдар.

Қазақстан  дамыған 50 елдің қатарында екені белгілі. Ендігі мақсатымыз – өркениеті дамыған, әлемдік саxнада өзіндік орны бар дамыған 30 елдің қатарына ену. Елбасымыздың бұл бастамасы – еліміздің жарқын, кемелді болашағының кепілі. Руxани жаңғыру Қазақстанды жаңа бір белестерге жетелейді. Руxани жаңғырудың мақсаты – елімізде XXI ғасырдағы ұлттық сананы көтеру, ата-бабаларымыздан мұра болып қалған руxани құндылықтарды жоғалтпау. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін заман ағымына саналы түрде бейімделуге қабілетті болуы керек.

Сондықтан заманға сәйкес жаңғыру міндеті баршамыздың  алдымызда  тұр. Сынаптай сырғыған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзі сияқты жалғаса беретін процесс.  Қорыта айтқанда, руxани жаңғыру – еліміздің дамуының жаңа бір белесі және ол еліміздің болашағы жастардың қолында.

«Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Қазақ елі өткен  жылдар қыруар іс тындырды. Біз үлгілі дамудың өзіндік моделін қалыптастырдық. Әрбір отандасымыздың жүрегіне өз еліне деген шексіз мақтаныш сезімін орнықтырдық. Қазақстандықтар ертеңіне, елінің болашағына сеніммен қарайды. Еліміз бойына ата-бабамыздың ел мен жерге деген сүйіспеншілік қасиеті дарыған, Егеменді елімізге аянбай қызмет ететін, ой – өрісі кең, алғыр да жүректі, салауатты  азаматтар қажет»,-деген болатын Н.Ә.Назарбаев. «Мәңгілік ел» болуымыз үшін бізге ауадай қажетті қасиеттер мен құндылықтардың қайнары тоғысып, ақыл — парасаты толысқан, ғаламдық ғылымды игерген ұрпақ  тәрбиелеу. Осыған орай «І.Жансүгіров  атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі  шағын  орталығымен» коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінде «Туған тілім – тірлігімнің  айғағы» әдеби дастарқан, «Ақсу зиялыларының  мұрасы» танымды  сағат, «Ауылымның тарихи беттерінен» ақпаратты  сағат, «ХХІ ғасыр жастар  ғасыры» жас  мамандармен  кездесу, «Латын әліпбиіне көшу – заман  талабы» насихат сағаты, «Үш тілді  меңгеру  заман  талабы» білімділер сайысы, Туған жерге  құрмет  ретінде «Туған жердің  табиғаты» және ауылымызда  өсетін дәрілік шөптер жайында «Дәрілік өсімдіктер» атты   дөңгелек үстелдер өткізілді, сонымен бірге  халқымыздың тарихында кейінгі ұрпақ мәнгі қастерлеп, ардақтап   өтетін іс – шаралар  жалғасын табады.    Біздің ең  басты міндет  Отанды сүюге, өз елін, туған жердің құндылықтарын, тарихын білуге, жалпы адамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыруға бағыттау, насихаттау мақсатында  ауылымыздың  мақтанышы, бүкіл қазақ елінің  біртуар азаматы,  қазақ поэзиясының  құлагері  І.Жансүгіровтің  125 жылдық мерейтойы. Алда әлі ұзақ жол, үлкен асулар бар. Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің  күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек жүрек пен білім, талант пен талап керек. Қазақ елінің абыройын асырып, мерейін үстем етер, әлем таңғалар, талай — талай жаңалық ашар білімді  ұрпақ  керек. Осы Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін  өскелең ұрпақ тәрбиелеу. “Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан!”- деп ұлы ақын Абай атамыз айтқандай, көкжиектен ауытқымай, ұлт көшбасшысының өскелең ұрпаққа меңзеген дара жолымен биік шыңдарды бағындырайық.

А.Сағымбаева,

« І. Жансүгіров  атындағы  орта мектебі, мектепке дейінгі  шағын  орталығымен»коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінің

педагог – ұйымдастырушы.

Мәліметпен бөлісу: