РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев 2017 жылы 12 сәуір де «Болашаққа бағдар ру­хани жаңғыру» атты мақаласын жазған еді. Мақаланың өзекті идеясы: тарихтың өткеніне көз жүгіртіп, жаңа тарихи кезеңдерге жан – жақты баға бере отырып, рухани жаңғыру арқылы болашаққа деген өзінің парасатты пікірлері мен көзқарасын білдірді.

«Болашаққа бағдар: ру­хани жаңғыру» – ұлттық идеологиялық бағытымыздың кепілі. Мемлекетіміз жаңа жаңғыру жолында алға қойған мақсаттарына жетуді көздейді. Негізгі алға қойған мақсат – дамыған отыз мем­лекет қатарына кіру. Бұл жол­да мемлекетіміз жан – жақты дами отыра, Біртұтас Ұлт бо­лып қалыптасуды мақсат етеді. Қазақстанның рухани жаңғыруы үшін халық пен мемлекеттің бір тұтас болып дамуы маңызды. Дамудың негізгі қағидасы – ішкі жаңғыру екенін ұмытпаған жөн.

Рухани жаңғыру – адам баласының, оның ішкі әлемінің жанаруы, сана сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білу.Мақсатқа жету үшін санамыз ісімізден озып жүруі, яғни, одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс.

Сынаптай сырғыған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзі сияқты жалғаса беретін процесс. Екі дәуір түйіскен өліара шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің тендессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр.

Барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын терең түсінеді деп сенемін.

А.ҚҰЛДЫБАЕВА,

Қызылағаш ауылдық модельді кітапханасының кітапханашысы.

Мәліметпен бөлісу: