Республикалық «Жолда қабылдау» акциясы

Бүгінгі күні тұрғындар тарапынан жол жүру ережелері бойынша, көші-қон қызметі, заң талаптарын орындауда т.б пікір шағымдар көптеп түсуде. Осы жәйттің алдын алып, халыққа дұрыс түсіндірме жұмыстарын жүргізу барысында » Жолда қабылдау» акциясы ұйымдастырылды.

Республикалық деңгейде өтетін шара 2 күнге созылмақ. Бүгін алғашқы қабылдау күнінде аудан тұрғындарына заң ережелерін сақтау, талаптарды орындау, айыппұл төлеудің реттілігі және құқық қорғау қызметкерлерінің жұмысына тікелей шағым жасай алу мүмкіндігі кеңінен насихатталды. Акцияға, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары полиция Подполковнигі Б.Е Лепесбаев, әкімшілік және Жергілікті полиция кызметінің басшылары, Көші-қон полиция бөлімінің аға инспекторы және аудандық Прокуратура мен «Нұр Отан» филиялының қызметкерлері қатысты.
Мұндай шаралар халықты заң негізіндегі талаптарды дұрыс және уақытылы орындауға көп септігін тигізетіні анық. Қабылдауға келушілердің дерлігі толғандырған сұрақтарына жауап алып, құқық қорғау қызметкерлеріне өз пікірлерін де жеткізді.

Мәліметпен бөлісу: