Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Республикалық партия штабының мүшесі Әлия Маратқызы Әбсеметова Есеболатов ауылының тұрғындарымен кездесу өткізіп, 5 маусым күні өтетін жалпы халықтық референдум бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді. Кездесуге облыстық мәслихат депутаты Б.Тынышбаев, аудандық партия филиалының штаб мүшелері қатысты.
Референдумның мақсаты — саяси, құқықтық жүйемізді жетілдіру, конституциялық реформа жасау. Конституциялық реформа ел дамуының жаңа кезеңі басталғанын көрсетеді. Конституциядағы 98 баптың 33-і өзгертілмек. Келесі кезекте Мәжіліс депутаты, Республикалық партия штабының мүшесі Әлия Әбсеметова референдумды түсіндіру мақсатында Қарасу ауылы тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында еліміз бойынша 2022 жылдың 5 маусымы күні жалпыхалықтық референдум өтетінін, соған байланысты штаб мүшелері халық арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді бастағанын жеткізіп, қатысушыларды референдумға шақырды. Облыстық мәслихат депутаты Б.Тынышбаев, аудандық партия филиалының штаб мүшелері де Конституциялық реформаның маңыздылығы туарлы жан — жақты түсіндіріп берді.
Референдум дегеніміз – бұл Конституцияға өзгерістер енгізу қажеттігі бойынша бүкiлхалықтық дауыс беру рәсімі.
Ж.ЕРБОЛАТҚЫЗЫ,
аудандық партия филиалының эксперті.