Күні кеше өткен АЭС құрылысы бойынша референдумның нәтижелері жақсы. Қазақстандықтар бұл жобаның ел болашағы үшін маңыздылығын терең түсініп, энергетикалық қауіпсіздік пен тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ететін стратегиялық шешім екеніне көз жеткізді.
Референдумда дауыс берудің алдын ала нәтижелері де осыған дәлел. Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санының 63,66% құрады.
Референдумға шығарылған мәселені оң шешуге дауыс берген азаматтардың саны 71,12% құрады. Бұл ел тұрғындарының оң өзгеріске деген қолдауын анық көрсетеді. Жақын арада толық қорытындысы шығады. Алайда, бүгінгі күннің өзінде маңызды науқанның нәтижелері көңіл қуантады.
Ахмолдаев Данияр Тұрғанбекұлы — директор школы имени И. Жансугурова Кызылагашского сельского округа, депутат областного маслихата