Азаматтарды Әскери – техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлау ақылы және ақысыз негізде жергілікті әскери басқару органдарының бағыттауы бойынша жүзеге асырылады.
Әскери — техникалық және басқа да мамандықтар бойынша ақылы негіздегі даярлыққа денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды немесе шектеулі жарамды, жасы 24 тен 27 жас аралығындағы мерзімді әскери қызмет атқармаған азаматтар қабылданады. Оқу мерзімі 40 күн. Ақылы оқу – 263 мың 318 теңге. Оқу ақысын келісімге отыру арқылы бөліп төлеу жолға қойылған. Өндірістен қол үзумен ақылы негізде даярлықтан өтіп жатқан әскерге шақырылушылардың (әскери міндеттілердің) оқыту кезінде жұмыс орны (лауазымы) сақталады. Оқу мерзімі аяқталған кейін сертификат беріледі, сертификатты ХҚКО – на өткізу арқылы әскери билет алынады. Әскери — техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша ақысыз негіздегі даярлыққа денсаулық жағдайы бойынша жарамды, 17 жас алты айдан бастап 27 жасқа дейінгі жастар В,С жүргізуші куәлігіне оқуға қабылданады. Әскери – техникалық мектеп Талдықорған қаласында орналасқан. Мектептің жатын орны, үш уақыт тамақ, монша тегін қызмет көрсетеді. Оқу мерзімі үш ай. Оқу бітіргеннен кейін мерзімді әскери қызметке міндетті түрде шақырылады. Әскер қатарына оқытылған әскери мамандығы бойынша тағайындалады. Байланыс телефондары: 2-19-18; 2-20-29.
АУДАНДЫҚ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ БӨЛІМІ.