
2025 жылғы 8 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еліміздің даму бағытына қатысты маңызды мәселелерді көтеріп, нақты міндеттерді айқындады. Жолдаудың басты тақырыбы – «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» болды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы Жолдауында жасанды интеллект (AI)– елдің болашағына тікелей әсер ететін басты бағыттардың бірі екенін атап өтті. Бұл – заман талабы, жаһандық технологиялық жарыстың жаңа кезеңі.
Жасанды интеллектті дамыту тек ІТ саласына ғана емес, білім, медицина, ауыл шаруашылығы мен мемлекеттік басқаруға да серпін береді. Мемлекет басшысы айтқандай, Қазақстан бұл технологияны тұтынушы ғана емес, жасаушы елге айналуы тиіс. Ол үшін:
— Зияткерлік кадрлар даярлау;
— Ғылыми-зерттеу орталықтарын дамыту;
— Ірі технологиялық серіктестермен жұмыс істеу қажет.
Жасанды интеллект – болашақ ұрпақтың жұмыс стилін, ойлау қабілетін, өмір сүру салтын өзгертетін күш. Президенттің бұл бастамасы елді технологиялық еркіндікке жетелейтін нақты әрі дер кезінде жасалған қадам деп есептеймін.
Қазірден бастап дайындықты бастау – ертең кеш болмауының кепілі.
Жолдауда цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні дамытуға ерекше мән берілді. Бұл салаларда Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін білім беру жүйесін жаңғырту, ғылыми-зерттеу жұмыстарын қолдау және инновациялық жобаларды жүзеге асыру қажеттілігі айтылды.
Президенттің 2025 жылғы Жолдауы Қазақстанның жаңа дәуірдегі даму бағытын айқындайтын стратегиялық құжат болып табылады. Онда көтерілген мәселелер мен ұсынылған шешімдер еліміздің тұрақты әрі инклюзивті дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Сайлаубай Қуаныш
Облыстық жастар рухы жастар қанатының төрағасы
