Президент: Елімізде ауқымды аэро-геофизика зерттеулері әбден ескірген

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында геологиялық барлау саласын дамытуды маңызды міндет ретінде атап өтті, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
– Елімізде ауқымды аэро-геофизика зерттеулері әбден ескірген. Цифрлық құралдарды пайдалана отырып, жер қойнауының заманауи картасын жасайтын уақыт келді. Мұндай қадам кен орындарының әлеуетін жаңа сапалық тұрғыдан бағалауға мүмкіндік береді. Бұл жұмысқа халықаралық сарапшыларды тартуға болады. Әрине, ғылыми негізі болмаса, барлау жұмысын ойдағыдай жүргізу мүмкін емес. Келесі жылдың ортасына дейін озық халықаралық стандарттарға сай сертификаты бар зертхана ашу керек. Оны Ұлттық геологиялық қызметтің базасында құрған жөн. Жер қойнауына қатысты мәліметтің бәрін жасанды интеллект технологиясын енгізу арқылы жүйелеп, цифрландыру қажет. Геологиялық барлау саласы ауқымды инвестицияға мұқтаж. Үкімет бұл өзекті мәселені ескеруі тиіс. Геологиялық барлау және жер қойнауын игеру саласындағы реформалардың заң жүзіндегі және іс жүзіндегі рәсімдерін жыл соңына дейін аяқтау қажет, – деді Мемлекет басшысы.

Мәліметпен бөлісу: