«AMANAT» партиясы Ақсу аудандық филиалында салтанатты жиын өтті. Партияның дамуына қосқан үлесі үшін Қасымбеков Нұрбек Сәрсенбайұлы, Жұмагелдин Әшімғали Құсайынұлы, Бегімбек Сейфүлмәлікұлы партияның жоғарғы наградасы «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Сондай-ақ, партиямыздың халық игілігі үшін жасап жатқан саяси бастамаларын қолдап, партияның жаңару модернизациясын іске асыруда аянбай еңбек етіп жүрген бір топ партия мүшелеріне ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың, партия төрағасы Ерлан Қошановтың «Алғыс хаттары» және жаңа үлгідегі партиялық билет табысталды.
Жангүл ЕРБОЛАТҚЫЗЫ,
аудандық партия филиалының эксперті.