Көктемнің бірінші күні. Бұл — «Нұр Отан» партиясының құрылған күні. «Нұр Отан» партиясы қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруға, азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеруге, әлеуметтік әділеттілік орнатуға және елімізде тұрақтылықты сақтауға, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға, Қазақстан Республикасының жан — жақты және үйлесімді дамуы үшін азаматтардың Отан сүйгіштігі мен жауапкершілігін тәрбиелеуге белсенді ықпал етуді басты мақсаттары етіп жариялады.
«Нұр Отан» партиясы Елбасының барлық старатегиялық бағдарламасын іске асыру жолындағы тірегі. Келешекте ел экономикасының өркендеп өсуіне Жолдауда көрсетілген басым бағыттардың басты көмекшісі бола беретіндігіне сенім мол.
Партиямыз құрылған 1999 жылдан бері Елбасымыз, партиямыздың Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың басшылы-ғымен Қазақстанымыз сенімді түрде алға жылжу үшін, Тәуелсіздігіміз нығая түсу үшін, қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді сақтау үшін, барлық қазақстандықтардың игілігінің арта түсуі үшін Сіздермен бірге қажымай — талмай жұмыс жасалып, сүбелі істер атқарылды.
Біз партияластар, Партияның саяси Доктринасын, Сайлауалды бағдарламаны басшылыққа ала отырып, қатардағы әрбір партия мүшесінің қажырлы еңбегінің арқасында қазақстандықтардың басым көпшілігінің жоғары сеніміне ие болуға қол жеткізіп отырмыз. Бүгінгі мерекелі сәтте, елім деген әрбір партия мүшесінің еліміздің мақтауға тұрарлық пат-риоты екенін ерекше сезіммен мақтан ете аламыз.
Біз Сіздерге қажырлы еңбегіңіз бен Қазақстан халқына сіңірген қызметтеріңіз үшін зор ризашылығымызды білдіреміз!
Құрметті Нұр Отандықтар сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, баршаңызға мол бақыт, зор денсаулық тілеймін.