Партиялық жаңғыру іс жүзінде

Тәуелсіздік алғаннан бастап Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясаты  мен «Нұр Отан» партиясының жолбасшылығы арқасында республикамыздың экономикасы, қоғамымыздың рухани және әлеуметтік саласы өркендеуде. «Нұр Отанның «қарымды іс – қимылы өткен жылғы «Рухани жаңғыру» және биылғы Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты,  тарихи — танымдық мақаласымен жігерлене отырып, өркениетті жаңғырту жолында Ойтоған ауылының тұрғындарыда қарқынды еңбек етуде. Шындығында да елдің дамуы мен өркендеуінің өлшемдері экономикаға тұрмыс жағдайына байланысты. Осы тұста халықтың әл -ауқатының өсуіне мән бере отырып, оны жақсарта түсу — еліміздің дамыған  отыз елдің қатарына енгізудің негізгі шарты. Елбасы өз сөзінде: «Рухани жаңғыру» жаппай қолдауға ие болып, қоғамдағы жаңғыру үрдістеріне  зор серпін берді» деді. Бұл арада ойтоғандықтардың да атқарар міндеті зор. Осы уақытқа дейін әр қазақстандық тарихи тамырынан нәр ала отырып, «Ұлы даланың жеті қырынан» уақыт пен теңістік  аясында жасалған өркениеттегі біздің алатын орнымыз нақтылады. Өркениетте  біздің  ұлттың қосқан үлесінің қомақты екендігін біледі. Жазу мәдениетінің де, жылқыны қолға үйретуде, киім кию, қару ұстау, металл өңдеу,  Ұлы Жібек жолы арқылы дүниеге паш етілгенін, бабаларымыздың ұлан-ғайыр Еуразия құрылығында талай-талай, түбегейлі өзгертулер әкеліп, алға жылжулар болып жүзеге асқанын әйгілі етуде. Еліміздің мыңдаған жылдар бойы қозғаусыз болып келгенін Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың соңғы жылдардағы жүйелеп жасаған даналық ойларынан біліп отырмыз. Елбасының кемеңгерлікпен айтылған ұлағатты ойларын ауыл тұрғындарына жеткізуге «Ойтоған» БПҰ-ның мүшелері де белсене атсалысып, тұрғындармен жиын, кездесу өткізіп түсіндіру жұмысын жан-жақты жүргізуде. Ауылымызда да көптеген игі шаралар жүзеге асырылуда. Айта келетін болсақ, қазіргі таңда Ойтоған ауылына кіре берісіне орналасқан «Ойтоған» каналы тазаланып, ауыл халқына және шаруа қожалықтарға тоқтаусыз жаздай су бөлінді. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы бойынша онлайн қызметтер мен онлайн оқыту жүйесі бойынша 3 адам оқып сертификат алды. «Нұр Отан» партиясының «Балаларға  арналған ақысыз ІТ-сыныптар» «Мектеп асханасы», «Білім орталығы» мен «Бірыңғай онлайн кітапханасы»  жобасы ауыл тұрғындарының көкейінде жүрген мәселелердің оңды шешімін табуға ықпалын тигізетіндігі сөзсіз. Ауылымыздың кәсіпкерлері мен партияның белсенділері жыл сайын  «Мектепке жол» акциясы аясында  әлеуметтік көмекке зәру оқушыларды мектеп киімі мен құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Г.Қожабекова,

Ойтоған  ауылдық округінің кітапханашысы, «Ойтоған» БПҰ-ның мүшесі.

Мәліметпен бөлісу: