
«AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасының Жол картасындағы Молалы ауылындағы блокты модульдік пункттің құрылыс жұмыстарын қадағалау мақсатында нысанда Партиялық бақылау посты құрылды. Бақылау посттың төрағасы болып аудандық мәслихат депутаты Естібаев Марат Дәулетұлы тағайындалды. Партиялық бақылау посттың ашылуына Молалы БПҰ төрағасы Н.Секенов, партиялық бақылау посттың мүшелері, М.Ауезов атындағы орта мектеп директоры Н.Бакеева, жастар жөніндегі әдіскер нұсқаушы Н.Абдуманап құрылыс нысанының жұмыс барысымен танысты.
Бүгінгі күнге құрылыстың 90 пайызы жүргізілген, мердігер «Qaz Damu Construction» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Блокты модульдік пункттің абаттандыру жұмыстары жүргізілгеннен кейін қолданысқа берілетін болады.
Казіргі таңда Ақсу ауданы бойынша 2023 жылы жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу және жаңа құрылыс жұмыстары бойынша 7 бақылау посты ашылып, «AMANAT» партиясының бақылауында.
Ақсу аудандық партия
филиалының консультанты Е.Маратов