Партия жұмысы ел назарында

2018 жылдың 9 айында  аудандық партия филиалындағы 21 бастауыш партия ұйымындағы   99 партиялық топта барлығы 3405  партия мүшесі тіркелген,   жыл басынан бері 69адам қабылданып, 33 адам партия қатарынан шығарылды.  21 бастауыш партия ұйымындағы бұрыштарда партияның Туы және стендтер орналастырылған, 12 –сі  компьютермен жабдықталды.          Бекітілген жоспарға сәйкес  1-Саяси Кеңес,  7 — Саяси кеңес Бюросы, 4-депутаттық фракция, 4 — Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңес, 4-партиялық бақылау комиссиясының  және 4 депутаттық фракция отырысы өткізілді.

«Ең үздік бастауыш партия ұйымы» байқауының 2-ші кезеңінде облыс бойынша жүлделі 2-ші орында «Шоңай батыр» бастауыш партия ұйымы төрағасы Е.Сихимов атындағы орта мектеп директоры, Алматы облыстық мәслихат депутаты    Р.Ибраймова жеңіп алды.

«Нұр Отан» партиясының аудандық   филиалы Елбасы, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың  берген тапсырмалары мен алға қойған мақсаттарын, бес әлеуметтік бастамасын орындауда бірқатар  жұмыстар атқарды. Елбасы Жолдауы, «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты  Үндеуін түсіндіру және   насихаттау бойынша  аудандық партия филиалы Саяси Кеңес  және  депутаттық фракция, аудандық АНТ мүшелері  9306 адамның қатысуымен  87  кездесулер өткізілді.

Аудандық мәслихат жанындағы депутаттық фракциясының отырысында  ««Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының  іске асыру барысы, бюджет қаражаты мен ҚР Ұлттық қордан бөлінген  бөлінетін қаражаттың тиімді және мақсатты пайдаланылуы туралы  аудандық білім бөлімі және аудандық су құбыры мемлекеттік мекемесінде орындалуы туралы тиісті мекеме басшыларының  есебі тыңдалды. Аудандық мәслихат жанындағы депутаттық фракциясының  «Тұрғын үй коммуналдық  шаруашылығы инфрақұрылымын, сумен және  жылумен жабдықтау желілерін жаңғырту, тұрғын  үй инфрақұрылымын нығайту жөніндегі» комисия мүшелері   «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша «Алматы облысы Ақсу ауданы Көшкентал ауылының ауыз су жүйесін реконструкциялау және салу жұмыстарының жұмысына 2 рет рейд ұйымдастырылды, 2 рет ауыл тұрғындарымен кездесу өткізсе партиялық бақылау комиссиясының  мүшелері  Тарас орталау, Қаракөз ауылында жаңадан салынып жатқан мектептің құрылыс жұмысы, мекемелердегі әлеуметтік инфрақұрылымның сапасына тұрақты түрде  тексеріп, рейд жүргізіп отырды. Президенттің «Бес әлеуметтік бастама бойынша»  Қапал кәсіптік-техникалық және  Ақсу политехникалық колледжі  рейд жүргізіліп, материалдық-техникалық базасымен танысты.

Аудандық партия филиалы партиялық жобалардың жүзеге асыру үшін де тиісті жұмыстар жүргізуде. «Ардагерлерді  ардақтайық» – 16, «Кедергісіз келешек»-14,  «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» — 14,   «Жастар Отанға!» – 18, «Сәтті қадам» — 9, « Жемқорлық жоқ ел –өркендеуші ел» партиялық жобасы аясында 3 және « Ұлы дала қазынасы»   партиялық бағыты  аясында 2 іс шара ұйымдастырылды. Биылғы жылы партияның жаңашыл бастамалары жүзеге асырылуде. 20 партиялық жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ауданымызда «Тілдердің үш тұғырлылығына өту» жобасы аясында Е.Сиқымов атындағы орта мектебінің жазғы демалыс лагерінде ерікті А.Кабулова  балаларға ағылшын тілін оқытса,  «Қазақстанның кітапханалары» жобасы аясында Қызылағаш ауылдық округінің ауылдық кітапханасында коворкинг орталығы,  Е.Сиқымов атындағы мектеп-интернатында  «Балаларға арналған ақысыз ІТ-сынып» ашылып робототехникаға 75 оқушы, ІТ-саласы бойынша 75 оқушы тегін білім алуда. «Мектеп асханаларын жаңғырту» бағыты бойынша мектеп асханаларының материалдық техникалық базасымен танысу үшін аудандық депутаттардың, партиялық бақылау комиссиясы мүшелерінің қатысуымен мектеп асханаларына мониторинг жүргізілді. 24 қыркүйектен бастап ауданымызда «Нұр Отан» партиясының «Еnglish for jastar» жобасы жүзеге асырылуда. І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің үздік студенттері С.Бегімбекова, Қ.Жұмабекова, Қ.Байтас  Қ.Сатбаев атындағы орта мектеп гимназиясы мен І.Жансүгіров атындағы мектептің 9-10-11 сынып оқушыларына ағылшын тілінен қосымша сабақ беруде. Аудандық партия филиалы тарапынан «Астанаға-20 жыл» толу мерекесіне байланысты орталық алаңда «Веложарыс-2018» , аудандық «жас Отан» ЖҚ-н бірлесе «Астана-достық пен бақыттың мекені» атты шығармалар байқауы  және   тыл ардагерлері мен жалғыз басты адамдарға қайырымдылық  көмек   беру         ұйымдастырылды.

Осы мерзім аралығында  ҚР  Парламенті Мəжілісінің депутаттары  М. Бопазов,  С. Сапиев А.Смағұлов,  Қ.Сұлтанов,  А.Дәуренбаев  және «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық  филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Алматы облыстық мәслихат депутаты Ғ. Сарыбаев ауданға іс-сапармен келіп шалғай елді мекен тұрғындарымен  кездесу өткізіп Елбасы Жолдау, 5 бастаманы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы  және  партиялық жобалардың жүзеге асуы туарлы жан-жақты түсіндірді.

Аудандық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде  2018 жылдың бекітілген  кестеге сәйкес аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, құқық қорғау органдарының  мен мекеме басшылары, облыстық, аудандық мәслихат депутатты азаматтарды қабылдау жүргізді, жалпы  159 өтініш түсіп оның 65 оңтайлы шешілді, яғни 41 % құрайды. «Әділет кеңес береді»,»Жолда қабылдау», «Көш  көлікті болсын», «Бизнестің жол картасы-2020»,  «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды бірыңғай қабылдау күні», «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға  арналған  мемлекеттік бағдарламасын түсіндіру» бойынша  акциялар ұйымдастарылды.

Филиал тарапынан ұйымдастырылған  жұмыстар республикалық «Айқын»,»Түркістан», облыстық «Жетісу», аудандық  «Ақсу өңірі»  газеттері мен «Нұр Отан» партиясының ресми сайтында,аудандық партия филиалының фейсбук әлеуметтік және  «Nurotan Aksu» инстаграм желісінде  тұрақты жариялануда.

                                                                        К.Дәулетбекова- Ақсу АПФТ І-ші орынбасары,

                                                                      аудандық мәслихат депутаты, Алматы облыстық

                                                                      Саяси кеңес Бюро мүшесі

 

Мәліметпен бөлісу: