ПАЛУАНДАР ТАҒЫ ДА ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай еркін күрестен 2007-2008, 2009-2011, 2012-2015 жылғы кіші салмақтағы жасөспірімдер ара­сында 1 желтоқсан күні Тұңғыш Президент күніне орай, Қабанбай ауылында еркін күрес үйірмесінің ашылуына үш жыл толуына бай­ланысты аудандық ашық турнир өтті.

Байсалды Қ.С., Мұхаметқали Қ, Тұрғанбай А, Бейсебеков А, Айтқожин Д, Бүркітбеков Б сынды үздік бапкерлердің шәкірттері үздік өнер көрсетті. Олардың қатарына I орын иеленген: Дәулетқожа Нұрәли, Аспандиярұлы Алди­яр, Ерғали Ерік, Марат Қали, II орын иеленген Қизатұлы Пара­сат, Қабдурахман Әділ, III орын Күресбекұлы Әлихан, Әлимұрат Нариман, Ерғазы Ернұр, Төкен Ернат, Қанат Азамат, Жүнісбек Қайрат, Болатхан Қайсар сынды жас палуандарымыз үздік өнер көрсете білді.

Ақсу ауданының намысын қорғауға тікелей қолдау көрсеткен аудан әкімі Есім Базархановқа, БЖСМ директоры Бекқали Шалаповқа, спорт бөлімінің бастығы Е.Тоғызбаевқа және аудандық білім бөлімінің басшы­сы Бегімбек Рамазановқа үлкен алғыстарын білдіреді.

Назым ТЕКЕСПАЕВА.

Мәліметпен бөлісу: